Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл!

3 декабря, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Қоғам
0
Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл!
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, сатирик Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай  «Театр – өмір айнасы» облыстық халықтық театрлар байқауы бастау алған болатын. Байқаудың ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов және сатириктің бауыры Мырзабек Әмірбекұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп құттықтау лебіздерін білдірген. Байқауға Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының директоры Арман Әлиев, театр актеры Шәкен Амантұров, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Асылхан Темірхан қазылық етті.

Екі күнге созылған байқау барысында 15 қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Сатирик «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай «Театр – өмір айнасы» облыстық халық театрлар байқауында аудан, қалалардан келген жалпы 15 халықтық театрлар өзара бақ сынады. Байқау, Отырар ауданының 90жылдығы аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты  «Парасат» орденінің иегері  сатирик Көпен Әмірбек шығармашылығын дәріптеуге, сондай ақ облыстық театр өнерінің үздік үлгілерін көрсетуге арналды. «Театр – өмір айнасы» атауында терең мән жатыр. Өнер – қоғамның айнасы, ал театр – оның ең айқын көрінісі. Сахнадағы әрбір кейіпкер, әрбір сөз, әрбір қозғалыс арқылы біз өз өмірімізді, мәселелерімізді, құндылықтарымызды көреміз. Театр – бұл тек көңіл көтеру орны емес, ой толғау, рухани жетілу алаңы. Байқауға әр ауданнан 15 театр ұжымдары қатысты.

Қойылымдар сатирик  Көпен Әмірбектің және Қазақстан сатириктерінің шығармашылық мұрасына, оның ой тереңдігі мен халықшылдық рухына арқау болды. Қойылымдар көрерменге ой саларлық, рухани байлық  сыйлады. Сахнадағы шеберлік, режиссерлік шешімдер, актерлік ойынның биік деңгейі байқалды.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде —  Отырар ауданы , Отырар халық театры   400 мың теңге ақшалай сыйлық,

Бірінші орын- Ордабасы ауданы ,Темірлан халық  театры  300 мың  теңге ақшалай сыйлық,

Екінші орын —  Сайрам ауданы ,қазақ халық театры 200 мың теңге ақшалай сыйлық,

Екінші орын —  Бәйдібек ауданы, Шаян халық театры  200 мың теңге ақшалай сыйлық,

Үшінші орын — Кентау қаласы, «Шапалақ» халық театры  150 мың теңге ақшалай сыйлық,

Үшінші орын — Арыс қаласы,халықтық көркемөнерпаздар ұжымы, драма үйірмесі  150 мың теңге ақшалай сыйлық,

Арнайы жүлделер

 «Үздік бала актер» номинациясымен Әшір Ниязмұхамбет ,Сарыағаш ауданы 30мың теңге ақшалай сыйлық,

 «Үміт» номинациясымен  Келес ауданы, «Күлкі  терапиясы»  әзіл-сықақ  театры. / 50мың теңге ақшалай сыйлық,

«Күміс күлкі» номинациясымен Созақ ауданы,Үміт Мамуова 50мың  теңге ақшалай сыйлық,

«Көрермендер көзайымы» номинациясымен Төлеби ауданы,«Жебе»драма көркем өнер ұжымы /50 мың  теңге ақшалай сыйлық,

«Ең үздік әйел бейнесі» номинациясымен Шардара ауданы, Эльвира Икрамбай, 60 мың теңге ақшалай сыйлық,

«Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясымен Жетісай ауданы, Азамат Төребеков, 60 мың теңге ақшалай сыйлық,

«Жас жұлдыздар» номинациясымен Ордабасы ауданы ,«Жас толқын»балалармен жасөспірімдер театры 100 мың теңге ақшалай сыйлық,

«Үздік театр сценография» номинациясымен Қазығұрт ауданы,Тілеу Аханбаев атындағы халық театры 100 мың  теңге ақшалай сыйлық,

«Үздік актерлық ансамбль» номинациясымен Сарыағаш ауданы ,Халықтық драма ұжымы 100 мың теңге ақшалай сыйлық,

«Ең үздік режиссура» номинациясымен Түлкібас ауданы,Мақталы халық театры 100 мың теңге ақшалай сыйлық,

Мақпал Адасханова Қазақстандық салалық мәдениет ,спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы С.Иманқұлованың «Еңбек даңқы»төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жетістік — тек жеңімпаздардың емес, бүкіл театр қауымының ортақ мұрасы. Ұйымдастырушыларға, қазылар алқасына, театр ұжымдарына, көрермендерге алғысымызды білдіреміз! Айта кетейік, Көпен Әмірбек ол 1950 жылы Түркістан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетінің түлегі. Көпен Әмірбекұлы «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», Қазақ радиосы және т.б. бірқатар республикалық басылымдарда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Президент гранты мен «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Көпен Әмірбек «Қымызхана», «Тамаша» ойынсауық отауының белсенді авторы ретінде, сондайақ өзі құрған «Көпен келе жатыр!…» атты сатиралық театрымен көрерменге кеңінен танылды. Орыс әдебиетінің классиктері И.Крылов, С.Михалков, С.Маршактың мысалмысқылдары мен лезгин сатиригі Жамидиннің және өзбек әзілкеші Абдулла Қаһардың бірсыпыра сықақ өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Рухы бізді шабыттандырсын, ал театр өнері әрқашан өмірдің айнасы болып қала берсін!

Алдыңғы жаңалық

«Тәуелсіз Қазақстандағы сайлау және саяси бәсекелестік» атты дөңгелек үстел өтті

Келесі жаңалық

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі