Түркістан облысында аталмыш маңызды свланы цифрландыру көрсеткіші 80 пайызға жеткен.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың мерекелік құттықтау сөзі:
– «Азаматтарға арналған үкімет» 20 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа стандартын қалыптастырды. Бұл құрылым халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір ретінде жұмыс істеп келеді. Түркістан — халқы ең көп өңір, сондықтан бұл саладағы жауапкершілік те жоғары. Сіздер азаматтардың сенімін ақтап, сапалы қызмет көрсетіп отырсыздар. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды бірге жалғастырамыз. Баршаңызды мерейтоймен құттықтаймын, еңбектеріңізге табыс тілеймін!”

Биыл филиал 2025 жылдың 11 айында жалпы 928 158 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 925 622-сі дәстүрлі форматта, ал 2 536 қызмет электронды түрде жүзеге асты. Сонымен бірге, «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы азаматтар 1 037 939 қызметті өз бетімен рәсімдеді. Бұл тұрғындардың цифрлық дағдыларының артқанын және филиал қызметіне деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.

Облыс көлемінде 59 арнайы қызмет көрсету ғимараты, 26 фронт-офис және 52 бэк-офис жұмыс істейді. Филиалдың жалпы штаты 1195 қызметкерден тұрады, оның ішінде 533 маман халыққа тікелей қызмет көрсетеді. Бұл өңірдегі әрбір тұрғынға сапалы қызмет ұсынуға мүмкіндік береді.


