Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

8 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Қоғам, Әлеумет
0
ОРДАБАСЫ: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөнінде жиын өтті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.

 Осыған орай, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ашық тәрбие сағат өтті.  9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, 10 «А» сыныбының жетекшісі Мәмбетова Динараның ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық -барлық қоғамның дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Қоғамның әр түрлі орталықтарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау.

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігі мен еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс.

Сонымен қатар, оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғатын себептер мен жағдайларды жою, құқық бұзушылықтың алдын алу. Ата Заңды құрметтеуге және адамгершілікке тәрбиелеу туралы  ой алмасып, пікірлер бөлісілді.  Патриоттық тәрбие қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Көрнекілік әдестемелер ұсынылып, оқушылардың өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап алды. Сыбайлас жемқорлық -барлық қоғамның дерті болмас үшін алдын-алу әрекеттермен оқушылар маңызды ақпараттар алды.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды реттейтін заңнаманы жетілдіру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке азаматтармен және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен бірге, мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қатерлерден Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отырғаны белгілі. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күннің басты мақсаты. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барша ел азаматтарының азаматтық борышы.

Ордабасы ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі насихат жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Алдыңғы жаңалық

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ!

Келесі жаңалық

Түлкібас ауданында шашки ойынынан турнир өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі