Түркістан облысы Отырар ауданыны аумағында өрт қауіпсіздігін арттыру және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін күшейту мақсатында жұмыстар қарқынды атқарылып келеді. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Құнанбайұлының төрағалығымен арнайы профилактикалық шара өтті. Шараға ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметі, газ инспекциясы, қазақгаз АҚ Отырар аудандық бөлімше мамандары, Оңтүстік жарық мекемесінің мамандары, денсаулық сақтау және білім саласының жетекшілері қатысып, өңірдегі ахуал талқыланды. Жиын барысында өрттің туындау себептері, алдын-алу мен үгіт насихат жұмыстары, тұрмыстық қауіпсіздікті сақтау жолдары және алда атқарылатын міндеттер барысы кеңінен қарастырылды.Талқыға салынған тақырып аясында қатысушылар тарапынан баяндамалар оқылып, сауалдар қойылды.
Маңызды жиыннан кейін аудан әкімінің орынбасары тиісті сала мамандарымен бірге көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, тұрғындармен тілдесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Әсіресе газ құрылғыларын дұрыс пайдалану, электр желілерінің қауіпсіздігі, қыс мезгіліне дайындық, балаларды қауіп-қатерден сақтау мәселелері ерекше назарға алынды. Сонымен қатар тұрғындарға арнайы ақпараттық брошюралар таратылып, үй жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде кеңестер берілді.

Жылу беру маусымы басталған уақытта тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады. Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады. Адам өміріне қауіпті улы газбен уланудың алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі аса маңызды. Маңызды дерек: Жалпы Отырар ауданы бойынша табиғи газбен 5892 тұрғын үй қамтылған болса, бүгінгі күнге дейін 3951 тұрғын үйге түсіндіру, насихат жұмыстары және алдын алу іс-шара жұмыстары жүргізілген. Өз кезегінде халықты құлағдандыру мақсатында арнайы кездесулерде жиі өткізіледі. Бұл жұмыстар облыстық төтенше жағдайдар департаментімен бірлесе отырып, аудандық әкімдік тарапынан жыл соңына дейін және одан кейін де жүйелі түрде жалғаса береді. Сонымен қатар, Түркістан облысында Төтенше жағдайларды, мемлекеттік органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қызметін, оның ішінде өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және синоптиктердің қызметі бойынша да шаралар жүйелі жалғасатын болады. Өрт қауіпсіздігі – тек мамандардың ғана емес, әр азаматтың өз отбасына, өз үйіне деген жауапкершілігі. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өзімізді және жақындарымызды қорғаудың ең тиімді жолы!
Тұрғын үйде болатын, адамдар мен мүліктерге қауіп-қатер туғызатың өрттің алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
- Өрт анықталған кезде дереу өрт сөндіру бөліміне хабарлау;
- Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өртті сөндіру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдау;
- Өрттерді сөндіруге өрт сөндіру бөліміне көмек көрсету;
- Баспалдақ алаңдарында жиһазды, жанғыш материалдарды сақтауға, шатырлар мен жертөлелерді ретсіз қалдыруға тыйым салынады;
- Жанғыш заттардың жанында электр жылыту құрылғыларын орнату ұсынылмайды;
- Электрмен жабдықтаудың ажыратқыштарын, ашалары мен розеткаларын және электр құрылғыларын жарамды күйде ұстау қажет. Электр желісін шамадан тыс ауырлату немесе қосулы электр аспаптарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Тұрмыстық өрттердің негізгі пайда болу себептері тұрмыстық электр құрылғыларының жұмыс тәртібін бұзу, электр пештердің қондыру және пайдалану ережелерін бұзу, отпен абайсызда ұстау болып табылады.
Бұдан шығатын қорытынды – өрттер көбінесе адамдардың өздерінің отқа деген абайсыздығынан туындайды. Айта кетейік, Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Атап айтканда:
— пеш жүйелерінің, электр және газ жабдықтарының жарамдылығын тексеру;
— тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;
— жылыту жабдықтарның қызып кетпеуін бақылауға алу және электр жүйесіне қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмау;
— жанғыш материалдарды пештен қауіпсіз қашықтықты сақтау;
— қолдан жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды пайдаланудан бас тарту;
— мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оларды тазарту.
Сонымен қатар, ТЖД жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатын жеткізеді.


