Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында жылу беру маусымында өрттің алдын алу мақсатында тұрғын үйлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, тұрмыста жиі кездесетін өрт қауіптері және төтенше жағдайда әрекет ету ережелері түсіндірілді. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын сақтауға шақырады және әрбір азаматтың алдын алу шараларына жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын ескертеді.
Мәселен, Тұрғын үйде болатын, адамдар мен мүліктерге қауіп-қатер туғызатың өрттің алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
- Өрт анықталған кезде дереу өрт сөндіру бөліміне хабарлау;
- Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өртті сөндіру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдау;
- Өрттерді сөндіруге өрт сөндіру бөліміне көмек көрсету;
- Баспалдақ алаңдарында жиһазды, жанғыш материалдарды сақтауға, шатырлар мен жертөлелерді ретсіз қалдыруға тыйым салынады;
- Жанғыш заттардың жанында электр жылыту құрылғыларын орнату ұсынылмайды;
- Электрмен жабдықтаудың ажыратқыштарын, ашалары мен розеткаларын және электр құрылғыларын жарамды күйде ұстау қажет. Электр желісін шамадан тыс ауырлату немесе қосулы электр аспаптарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
Сонымен қатар, Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Атап айтканда:
— пеш жүйелерінің, электр және газ жабдықтарының жарамдылығын тексеру;
— тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;
— жылыту жабдықтарның қызып кетпеуін бақылауға алу және электр жүйесіне қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмау;
— жанғыш материалдарды пештен қауіпсіз қашықтықты сақтау;
— қолдан жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды пайдаланудан бас тарту;
— мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оларды тазарту.
Сонымен қатар, ТЖД жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатын жеткізеді.

Айта кетейік, биыл облыс аумағында 390 өрт дерегі тіркелген. Облыс аумағында орын алған өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында, сауда орындарында, бидай және орман алқаптарында орын алған. Жыл басынан бері өрттен болған материалдық шығын 1 миллиард 729 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, газдан улану дерегі бойынша 1 жағдай тіркелген. Оқиға салдарынан 2 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған. Жергілікті әкімдіктер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мұржалары тазартылды. Атаулы іс-шараға төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, газ инспекциясының мамандары қатысты. Облыс көлемінде жүргізілген рейдтер нәтижесінде ТЖД қызметкерлері 37 мыңнан астам заңбұзушылықтарды анықтады. Жылыту маусымында пештерді тазалау жұмыстары кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс.Түтін арналары өтетін пештер, құбырлар мен қабырғалардың беттері ақаусыз, жарықсыз болуы міндетті. Пештен алынған күл мен от қалдығына су құйып, ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан жерге апарып тастау қажет.


