Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

Түркістан өңірінің экономикалық даму бағыты жоғары

19 декабря, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан өңірінің экономикалық даму бағыты жоғары
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, биыл Сауран ауданында өндіріс саласы қарқынды дамып, экономикалық өсім байқалады.  Нақтырақ айтқанда, жыл басынан бері 124 өндірістік жоба құрылысты бастап, оның 35-і жыл соңына дейін толық аяқталды. Бұл көрсеткіш аудан экономикасының өсуіне, жаңа кәсіпорындардың ашылуына және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына оң ықпал етіп отыр.

Өндірістік жобалардың басым бөлігі Шаға, Иассы, Қарашық, Жүйнек және Үшқайық ауылдық округтерінде жүзеге асуда. Бұл аймақтар өндіріс орналастыруға қолайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

Аудан аумағындағы өндіріс бағыттары да айқын әрі сан салалы.
Мәселен өңірде, Құрылыс материалдары шығаратын – 36 цех болса, ал жиһаз өндірісі бойынша – 35 цех бар. Азық-түлік өнімдерін өндіру – 25 цех, резеңке және пластмасса бұйымдарын өңдеу – 8 цех және тігін өндірісі бойынша – 5 цех.
Сонымен қатар, электротехникалық өндіріс бойынша  – 5 цех;
Дәрі-дәрмек өндіретін – 1 өндіріс орны;
Ауылшаруашылық жабдықтарын жасайтын – 8 цех;
Қағаз өңдейтін – 1 цех іске қосылатын болады.

Жалпы алғанда, өндірістік жобалардың қарқынды дамуы Сауран ауданының индустриалдық әлеуетін өсіріп, өңірдегі экономикалық даму бағытында белсенділікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға кең мүмкіндік беруде.

Сонымен қатар, Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда құны 152 млрд теңгені   құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл көрсеткіш өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін болары анық. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап  берді. Жолдаудың басты идеясы – мемлекетімізді инновация мен цифрлық

технологияға негізделген экономикаға көшіру. Біріншіден, экономиканы дамытуды әртараптандыру міндеті қойылды. Яғни, ел экономикасының негізгі басымдығы мұнай мен шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс. Бүгінде Түркістан облысында осы бағытта жүйелі жұмыстар жүріп жатыр.

  • Өндірісті дамыту мақсатында өңірімізге сырттан келетін тауарларға талдау жүргіздік. Негізгі үлес құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі және тамақ өндірісіне тиесілі. Олар бойынша импорт көлемі 98 млрд.теңгені құрайды. Бұл тауарларды облыста шығаруға барлық мүмкіндіктеріміз бар. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, оларға индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардан дайын алаңшаларды ұсындық. Нәтижесінде маңызды жобаларды іске асыруға қол жеткіздік. Өңірде зауыттар мен кәсіпорындар саны артып жатыр.Өңірдің экономикалық дамуында айтарлықтай өсім бар – деді Нұралхан Көшеров.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы 20 индустриалды аймақта құны 152 млрд. теңгені құрайтын 99 инвесторлар тарапынан жоба іске асырылуда. Толық іске асқанда 6 361 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 39 млрд. теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды. 2609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 млрд. теңгеге 28 ірі жоба қолға алынған.

Сонымен қатар, облыста жыл басынан бері 10 айда өнеркәсіп саласында биыл 107 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылып, 2443 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде маңызды әрі ірі жобалар қатарында Созақ ауданындағы табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС, құны – 35 млрд. тг., 300 жұмыс орны); Отырар ауданындағы 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС, құны – 21 млрд. тг., 960 жұмыс орны); Түлкібас ауданында RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС, құны – 9 млрд. тг., 96 жұмыс орны) бар. Сонымен қатар Сайрам ауданында заманауи ет комбинаты («KazEcoMeat» ЖШС, құны – 8,5 млрд. тг., 150 жұмыс орны);  Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС, құны – 8 млрд. тг., 150 жұмыс орны)  жұмысын жүргізіп жатыр. Жыл соңында 103,5 млрд. теңгеге қосымша 8 өнеркәсіп жобасы іске қосылады. Мұның барлығы өңірдің әлеуметтік ахуалын жақсартып, экономикасын жоғарылататын күш болмақ.

Өңірге қазір 7 инвестор осы орталықта жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Нәтижесінде өңір экономикасына 185 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1175 жұмыс орны ашылады. Бюджетке қосымша салық түседі (355 млн. теңге). Бүгінгі таңда 8 өндірістік ғимарат пен ішкі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы іске қосу жоспарлануда. Облыстағы индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, шағын өндірістік парктер мен арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жандандыру нәтижесінде 10 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн. теңгеге жетіп, өсім деңгейі 113,4 пайызды құрады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында биыл әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды

Келесі жаңалық

ОРДАБАСЫ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі