Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар, соның ішінде табиғи апаттар қаупі – қоғамды алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі. Көп жағдайда бұл климаттың өзгеруімен және өзге жағдайлармен байланысты. Осыған дейін облыс басшысы Нұралхан Көшеров өңірдегі әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, қонақүйлер мен хостелдер қайтадан тексеріліп, өртке және улы газға қатысты қауіпсіздігі нығайтылатынын айтқан болатын. Бұл жазатайым оқиғалар тұрғын үйдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан болып жатыр. Сондықтан тұрғындар арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Облыс аумағындағы заңсыз салынған және салынып жатқан құрылыс нысандарын анықтау бойынша арнайы жұмысшы тобын құрып, тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырған. Сонымен қатар, құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың тиісті құжаттарына және өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы талдау жүргізіп, нәтижесімен нақты шаралар қабылдау қажеттілігін ескертті. Тұрғын үйлерде, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарда газбен уланудың, өрттің алдын алу және электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану мақсатында рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылсын. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында барлық нысандарға өрт дабылқаққыштарын орнату, халық арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілсін деп тапсырды.
Осындай қауіп-қатерді болдырмау мақсатында Түркістан облысы Ордабасы ауданы халық тығыз орналасқан Шұбарсу елді мекенінде кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жылыту маусымында тұрғындардың иісті улы газдан улануының және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Арнайы ауданда ұйымдастырылған рейдке аудан әкімдігінің өкілдері, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы, прокуратура, полиция, медицина қызметкерлері, газ инспекциясы және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Түсіндіру жұмыстары барысында мамандар тұрғын үйлердің жылыту жүйелері, пештер мен мұржалардың тазалығы, газ жабдықтарының дұрыс пайдаланылуы және тұрмыстық қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқаулықтар берді. Бұл бағыттағы шаралар мен алдын алу жұмыстары аудан аумағында тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Ең маңыздысы – мемлекеттік көмек. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды қолдау, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бюджет қаражатын бөлу және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою қызметтерін ресурстармен қамтамасыз ету керек. Бұл елімізде іске асырылып жатқан шаралардың бірі. Төтенше жағдайлардың алдын алу жүйелі және кешенді көзқарасты, сондай-ақ қоғамның барлық деңгейлерінің: мемлекеттік органдардан бастап қарапайым азаматтардың белсенді қатысуын талап етеді. Сонда ғана келер қауіптен арыла аламыз.
Жауапты басшылар әрбір шараның орындалу барысы мен алдағы жоспарына егжей-тегжейлі тоқталып, кемшіліктер мен жетілдіру мәселелерін қарастырды. Барлық жауапты қызметкерлерге төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тұрғындарды хабарландыруды күшейтуді, апатты жағдайларда жылдам әрекет етуді тапсырды.
Сонымен қатар, рейдтік іс-шара барысында Ордабасы ауданының әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарын және адамдар көп жиналатын нысандардың қызметкерлерін тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Айта кетейңк, бүгінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден астам қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарып келеді. Құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірін қорғау бағытында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүр.


