Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«AGROFEST TÚRKISTAN – 2025»

30 ноября, 2025
in Жаңалықтар
0
«AGROFEST TÚRKISTAN – 2025»
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ҚР «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Түркістан қаласында өткен “Agrofest – Алтын күз” мерекелік шарасына ҚР Парлементі мәжілісінің “Ауыл” партиясының атынан сайланған депутаты Саурықов Ерболат Байұзақұлы, «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы мен өңірлік филиал аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы қатысты.

Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерін насихаттауды мақсат еткен бұл шарада өңірдің диқандары, шаруалар мен агроөнеркәсіп өкілдері бір алаңға жиналып, өз өнімдері мен үздік тәжірибелерін ұсынды.

Қонақтар ауыл еңбеккерлерімен жүздесіп, олардың егін шаруашылығы, мал өсіру және жаңа технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстары жайлы пікір алмасып, алдағы уақытта агросаланы дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қайта өңдеу кәсіпорындарының көрмесі өткізіліп, «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы табысты бастамалар таныстырылуда. Көрме сөрелеріне сүт өнімдері, жұмыртқа, шұжық түрлері, балық өнімдері, балара өнімдері, өсімдік майлары, қызанақ және алма шырындары қойылып, өңдеу саласының әлеуеті кеңінен көрсетіліп жатыр.

Алдыңғы жаңалық

Құтым Ордабаевтың туғанына 100 жыл!

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі