Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

19 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Шытырман
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өртке қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтіле түсті. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Облыс әкімі жауапты департамент, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне өртке қарсы қауіпсіздікті күшейтіп, жұмысты жандандыруды тапсырды.

– Жетісайдағы ауыр өртке байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия төрағасы Қанат Алдабергенұлы тарапынан нақты міндеттер жүктелгенін білесіздер. Осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізілуде. Жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне құзырлы органдармен бірлесіп, өрттің алдын алу, қауіпсіздікті күшейту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырамын. Өңірдегі әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, қонақүйлер мен хостелдер қайтадан тексеріліп, өртке және улы газға қатысты қауіпсіздігі нығайтылады. Бұл жазатайым оқиғалар тұрғын үйдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан болып жатыр. Сондықтан тұрғындар арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Облыс аумағындағы заңсыз салынған және салынып жатқан құрылыс нысандарын анықтау бойынша арнайы жұмысшы тобын құрып, тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырамын. Құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың тиісті құжаттарына және өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы талдау жүргізіп, нәтижесімен нақты шаралар қабылдаңыздар. Облыс аумағында жаңадан құрылған газ инспекцияларының жұмысын жандандырып, барлық тұрғын үйлердің қауіпсіздігін 1 ай мерзім ішінде тексеруді тапсырамын. Тұрғын үйлерде, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарда газбен уланудың, өрттің алдын алу және электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану мақсатында рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылсын. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында барлық нысандарға өрт дабылқаққыштарын орнату, халық арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілсін, – деген Нұралхан Көшеров департамент пен басқарма басшыларының осы мәселеге қатысты есептерін, ұсыныстарын тыңдап, тиісті міндеттер жүктеді.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Асқар Төлешевтің айтуынша, өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автотранспортта және сауда орындарында тіркелген. Өрт оқиғаларының таралуына көбінесе электр құралдарын монтаждау және пайдалану кезінде талаптарды бұзу, пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзу себеп болады. Департамент басшысы өртке қарсы дабылқаққышты орнату қайғылы жағдайдың алдун алуға себеп болатынын, осы бағытта жұмысты жандандыру керек екенін айтты. Сонымен бірге өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін білу де маңызды. Облыс көлемінде 350 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның ішінде жеке тұрғын үй секторларының саны – 346 мың, ал көпқабатты тұрғын үйлер саны – 3 781. Қазіргі таңда профилактикалық жұмыстармен 139 мыңдай үйге рейдтік аралау жүргізілді. Жыл соңына дейін басқа да үйлерді қамту көзделіп отыр. Ең маңыздысы – мемлекеттік көмек. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды қолдау, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бюджет қаражатын бөлу және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою қызметтерін ресурстармен қамтамасыз ету керек. Бұл елімізде іске асырылып жатқан шаралардың бірі. Төтенше жағдайлардың алдын алу жүйелі және кешенді көзқарасты, сондай-ақ қоғамның барлық деңгейлерінің: мемлекеттік органдардан бастап қарапайым азаматтардың белсенді қатысуын талап етеді. Сонда ғана келер қауіптен арыла аламыз.

Мәжілісте департамент пен басқарма басшыларының ұсыныс, пікірлері тыңдалды. Мәселелер ашық айтылып, шешу жолдары қаралды. Арнайы жұмысшы топ құрамы кеңейтіліп, әкімдіктер, газ инспекциясы, «ҚазақГазАймақ» АҚ, Төтенше жағдайлар департаменті және өзге де мекеме өкілдері енгізіліп, өрт қәуіпсізді және улы газдан уланудың алдын алу бойынша рейдтік шаралар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Айта кетейік, ! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында» деген болатын. Мемлекет тарапынан төтенше жағдайлар саласына айырықша көңіл бөлінуде. Түркістан облысы құрылғалы бері жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңгеге 36 бірлік жаңа техникалар сатып алынды. Алдағы уақытта да материалдық техникалық базаны нығайту жалғасады. Бұдан бөлек, Сауран және Төлеби аудандарында құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 2 жаңа өрт сөндіру бөлімі соғылып, халық игілігіне берілді. Бұл мемлекеттің қолдауы мен сенімі.

Бүгінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден астам қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарып келеді. Құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірін қорғау бағытында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүр.

Алдыңғы жаңалық

«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ» АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

Түркістан облысында биыл әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі