Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ» АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

19 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Қоғам
0
«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ» АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында аудандық білім бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде және «Балауса» балабақшасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында мамандар жылыту маусымында пештер мен электр жылыту құрылғыларын пайдалану ережелеріне ерекше назар аударып, өрттің туындау қаупін азайтуға бағытталған талаптарды түсіндірді. Сонымен қатар, балаларды қараусыз қалдырмау, оттың қауіпін дер кезінде бағалау, тұрмыстық техникамен қауіпсіз жұмыс істеу жөнінде кеңестер берілді.

Мамандар оқушыларға және педагогтер мен балабақша қызметкерлеріне төтенше жағдайдың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы туралы ақпарат жеткізіп, өрт кезінде әрекет ету тәртібін түсіндірді.

Жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Төмендегі ережелерді назарға алуларыңызды сұраймыз:

  1. Пешті пайдалану кезінде:
  • Пешті пайдаланар алдында оның түтін жолдары мен мұржаларын мұқият тексеріп, тазалау қажет.
  • Пештің түтін шығару арналары жақсы тартуы тиіс, бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
  • Пешті жағу кезінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин, спирт т.б.) қолдануға тыйым салынады.
  • Пештің есігі жабық болуы тиіс, алдына өртке төзімді қалқанша (металл табақ) қою қажет.
  • Пешті және басқа жылыту құрылғыларын балаларға қараусыз қалдыруға болмайды.
  • Пешті түнде және үйден шығар алдында жағып қоюға болмайды.

 

  1. Электр жылытқыштарды пайдалану кезінде:
  • Электр жылытқыштар зауытта жасалған, сертификатталған болуы керек.
  • Электр сымдары зақымданбаған, розеткалары дұрыс жұмыс істеуі қажет.
  • Электр жылытқышты жанғыш материалдар мен жиһаздарға тым жақын қоюға болмайды.
  • Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қоспаңыз.
  • Құрылғыны қосулы күйінде қараусыз қалдырмаңыз, үйден шығарда немесе ұйықтар алдында міндетті түрде ажыратыңыз.

Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразовтың төрағалығымен қысқы мерзімде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссия отырысы өтті. Жиында қысқы кезеңге дайындық аясында жоспарланған оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыру және өткізу барысы қаралды. Аудан аумағында боран, көктайғақ, жолдардың жабылуы, сондай-ақ инженерлік желілердегі авариялық ахуалдардың алдын алу бойынша жауапты бөлімдерге міндеттер жүктелді. Сонымен қатар, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлар қызметтері, құқық қорғау және күштік құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейту тапсырылды. Қажет жағдайда жедел әрекет ету топтарын құру, арнайы техникалардың дайындығын пысықтау және шұғыл хабарландыру жүйесінің қолжетімділігін арттыру жолдары нақтыланды. Сонымен қатар Сауран ауданы аумағында қыс маусымында тұрмыстық қауіпсіздікті күшейту мақсатындағы профилактикалық іс-шара Шу, Тасты және Жуантөбе ауылдарында жалғасты.

 

Тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарды қамтыған кешенді шараға аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев, ТЖ бөлімінің қызметкерлері, полиция өкілдері, газ инспекциясы, «QazaqGazAimaq», ерікті жастар және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары бірлесіп қатысты. Шара барысында тұрғын үйлер араланып, өрт қауіпсіздігі талаптары мен улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 45 кемшілік анықталып, оларды жою жөнінде тұрғындарға нақты нұсқаулықтар берілді. Қыземшек кентінде көп пәтерлі тұрғын үйлер мен кәсіптік нысандарда өрт қауіпсіздігін сақтау және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев, Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, полиция, газ инспекциясы, «QazaqGazAimaq», ерікті жастар және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары бірлесіп қатысты. Жұмыс барысында тұрғын үйлерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 5 дүкенде өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық көрсетілді. Нәтижесінде 24 бұзушылық анықталып, оларды жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы 204 тұрғын қамтылды. Профилактикалық іс-шараның мақсаты қыс маусымында орын алуы мүмкін өрт жағдайларының алдын алу және тұрмыстық газды дұрыс пайдалану жөнінде ақпараттандыру.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қалыпты өтуі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Газ инспекциясы» мекемелері улы газдан уланудың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Облыс бойынша бекітілген жоспарға сәйкес 300 мыңнан аса нысан араланып, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Алдыңғы жаңалық

ТӨЛЕБИДЕ ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі