Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

Түркістан: өрт сөндіру пункті ашылды

18 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Шытырман, Қоғам
0
Түркістан: өрт сөндіру пункті ашылды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Түркістан облысы Ордабасы ауданының Бөген ауылында жаңа өрт сөндіру пунктін ашты. Бұл нысан ерікті өрт сөндіру құралымдар желісін дамытуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында құрылды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров, жергілікті билік өкілдері, ауыл тұрғындары мен меценаттар қатысты.

Жаңа пункт ТЖМ берген өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бөген, Кемер және Жеңіс ауылдарында тұратын шамамен сегіз мың тұрғынға қызмет көрсетуді жергілікті бюджет есебінен еңбекақы алатын еріктілер құрамындағы штат қамтамасыз етеді. Нысанды жабдықтауға аудандық мәслихат депутаты Әбілда Әлібеков айтарлықтай қолдау көрсеткен.

«Мұндай құралымдар бүгінде шалғай елді мекендердің өзінде де құрылуда. Түркістан облысында 800-ден астам ауыл бар, біз олардың әрқайсысында өз өрт сөндіру пункті ашылуына ықпал ететін боламыз», — деп төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Оның айтуынша Төтенше жағдайлар министрлігі ерікті бөлімшелерді техникамен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз ету жұмыстарын, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық базасын жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып нығайту ісін жалғастыруда. Бұл өңірлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін және ауыл халқының қауіпсіздігін арттырады.

Айта кетейік, биыл облыс аумағында 390 өрт дерегі тіркелді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Айнабек мәлімдеді.

«Облыс аумағында орын алған өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында, сауда орындарында, бидай және орман алқаптарында орын алған. Жыл басынан бері өрттен болған материалдық шығын 1 миллиард 729 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, газдан улану дерегі бойынша 1 жағдай тіркелген. Оқиға салдарынан 2 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған. Жергілікті әкімдіктер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мұржалары тазартылды. Атаулы іс-шараға төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, газ инспекциясының мамандары қатысты. Облыс көлемінде жүргізілген рейдтер нәтижесінде ТЖД қызметкерлері 37 мыңнан астам заңбұзушылықтарды анықтады. Жылыту маусымында пештерді тазалау жұмыстары кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс. Түтін арналары өтетін пештер, құбырлар мен қабырғалардың беттері ақаусыз, жарықсыз болуы міндетті. Пештен алынған күл мен от қалдығына су құйып, ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан жерге апарып тастау қажет» — деді спикер.

Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері облыс аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға  шақырады.

Мәселен, атап айтканда:

— пеш жүйелерінің, электр және газ жабдықтарының жарамдылығын тексеру;

— тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;

— жылыту жабдықтарның қызып кетпеуін бақылауға алу және электр жүйесіне қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмау;

— жанғыш материалдарды пештен қауіпсіз қашықтықты сақтау;

— қолдан жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды пайдаланудан бас тарту;

— мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оларды тазарту.

Сонымен қатар, ТЖД жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатын жеткізеді.

«Сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтылмаса керек. Оқыс оқиғадан сақ болу үшін алдымен, қауіпсіздік ережесімен таныс болып, оны сақтау шарт. Арнайы мекеме, қызметтік орындар, тіпті үйіңізге де қауіпіздік ережесін әзірлеп, еңгізіп қойған дұрыс.

Өмірдің әртүрлі салаларындағы ықтимал қауіптер мен осалдықтарды бағалау, соның ішінде инфрақұрылым, мемлекеттік мекемелер, экологиялық жүйелер және т.б. Яғни, өткеннен сабақ алып, болашақта қайталамау керек.

Халықты ақпараттандыру және оқыту аса маңызды. Ағартушылық науқандар мен қауіпсіздік жаттығуларын өткізу, азаматтарды төтенше жағдайларда аман қалу және әрекет ету негіздеріне үйрету арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға болады.

Хабардарлық пен коммуникацияны арттыру, инфрақұрылымды және технологияны дамыту басты назарға алыну керек. Дағдарыс жағдайында мониторинг, байланыс және ескерту жүйелерін жақсарту үшін заманауи технологиялар мен инфрақұрылымды қадағалау маңызды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін халықаралық ынтымақтастықтың да рөлі орасан зор.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: Өңірде әлеуметтік-экономикалық даму жоспары белсенді

Келесі жаңалық

Мамандар төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету бойынша кеңес беруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі