Түркістан қаласының мемлекеттік қызметкерлері қала тұрғындарына тұрмыстық және өндірістік нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдын алу шараларын тұрақты түрде жалғастыруда. Қызметкерлер халыққа өрттің негізгі себептері, оны болдырмау жолдары, төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету тәртібі туралы кеңес берді.
Түркістан облысына қарасты барлық қала, аудандарда Төтенше жағдайлар басқармасы мен Полиция басқармасы қызметкерлері бірлесе отырып сауда және базар басшылар мен жиын өткізіліп, сауда базарлардағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жадынамалар ұсынылуда. Жеке тұрғын үйлер мен көше бойларында тұрғындарға төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету бойынша түсіндірме ақпараттарын таратуда. Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында заңсыз пиротехникалық бұйымдарды сатуға қатаң тыйым салынатындығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін де ескертті. Мұндай түсіндірме жұмыстары облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы мен Полиция басқармасы қызметкерлері бірлесе отырып алдағы уақытта да тұрақты атқару жоспарланған.
Бұдан өзге Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жалпы білім беретін оқу орындарында да насихат жұмыстарынжүргізуде. Мәселен, №32 жалпы білім беретін мектепте ұстаздар мен ата-аналар жиналысында өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстарын айтып, жүргізді.Өрттің салдарынан болатын оқыс оқиғалардың салдары егжей-тегжейлі айтылды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында:
• тұрмыстық өрттердің негізгі себептері;
• балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары;
• эвакуация кезіндегі іс-қимыл тәртібі;
• өрт сөндіргішті пайдалану ережелері түсіндірілді.
Мәселен, жылу беру маусымы басталған уақытта тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады. Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады. Адам өміріне қауіпті улы газбен уланудың алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі аса маңызды.
Өртті қалай болдырмауға болады?
- Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін:
- Кәсіпорындардағы талаптардың орындалуына тексеру жүргізу;
- Жоспарланған инспекцияларды жүргізу;
- Ғимараттағы өрт қауіпсіздігін тексеру;
- Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу;
- Сөндіру құрылғыларымен жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды үйрету;
- Сумен жабдықтауға, суды тексеруге жауапты лауазымды енгізу;
- Өрт сөндіргіштердің, басқа жабдықтардың жарамдылығын тексеру;
- Эвакуациялық шығулардың тиісті жай-күйі;
- Автоматты өрт сөндіру жүйелерін орнату; Қауіпті жерлерде отқа төзімді материалдарды қолдану;
- Өрт қауіпті заттарды сақтау мен пайдалануды дұрыс ұйымдастыру.
Бұл істер – маңызды. Өрттің алдын алу бойынша алдын алу – іс- шараларын жүргізу-бұл халықты ақпараттандыру және техникалық құралдарды белгілеу. Осы әдістерді бірлесіп қолдану максималды тиімділік береді. Қатысушыларға іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, алдын-алу бойынша қажеттігі ескертіліп, ақпараттық жадынамалар да таратылды.
Айта кетейік, биыл облыс аумағында 390 өрт дерегі тіркелген. Облыс аумағында орын алған өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында, сауда орындарында, бидай және орман алқаптарында орын алған. Жыл басынан бері өрттен болған материалдық шығын 1 миллиард 729 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, газдан улану дерегі бойынша 1 жағдай тіркелген. Оқиға салдарынан 2 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған. Жергілікті әкімдіктер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мұржалары тазартылды. Атаулы іс-шараға төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, газ инспекциясының мамандары қатысты. Облыс көлемінде жүргізілген рейдтер нәтижесінде ТЖД қызметкерлері 37 мыңнан астам заңбұзушылықтарды анықтады. Жылыту маусымында пештерді тазалау жұмыстары кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс.Түтін арналары өтетін пештер, құбырлар мен қабырғалардың беттері ақаусыз, жарықсыз болуы міндетті. Пештен алынған күл мен от қалдығына су құйып, ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан жерге апарып тастау қажет. Бүгінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден астам қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарып келеді. Құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірін қорғау бағытында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүр.


