Түркістан облысы Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі мен ауыл әкімдігінің қызметкерлері бірлесіп, Кентау қаласына қарасты елді мекендерде төтенше жағдайдың алдын-алу, дауыс ұлғайтқыш құралын пайдалану арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, тұрмыстық жылыту құрылғыларын дұрыс қолдану, сондай-ақ улы газдан уланудың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар жеткізілді.Мамандар азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, төтенше жағдайлардың алдын алу әрбір тұрғынның жауапкершілігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Хантағы және Байылдыр ауылдарында тұрғындарға үгіт насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қала әкімдігі, Жастар ресурстық орталығының еріктілері, қалалық газ мекемесі, қалалық электр желісі қызметкерлері және ауыл әкімдіктерінің мамандары бірлесе қатысты. Түсіндіру барысында қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерде көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу, пештерді дұрыс пайдалану, желдету талаптарын сақтау және қауіпсіздік ережелерін қатаң орындау бойынша кең көлемде ақпарат берілді. Мамандар тарапынан төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету бойынша кеңес берілді. Осындай профилактикалық жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Сондай-ақ, Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі, қалалық газ қызметі және “QAZAQ GAZ AIMAQ” АҚ мамандарымен бірлесе отырып, табиғи газға қосылған және қатты отын қолданатын тұрғын үйлерді де аралады.

Рейд барысында мамандар тұрғындарға улы газдан және көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу, пеш пен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, желдету жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі туралы кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, апаттың алдын алу бойынша ұсынымдар берілді. Мәселен, жылу беру маусымы басталған уақытта тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады. Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады. Адам өміріне қауіпті улы газбен уланудың алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі аса маңызды.

Бұдан өзге, Кентау қаласында «Өрт қауіпсіздігін сақтау» айлығы аясында мекемелерге түсіндіру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және Арнайы кәсіптік көледжінде болып қызметкерлер және студент жастармен кездесті.
Кездесу барысында улы газдан уланудың алдын-алу, электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірілді. Колледж оқушыларына алғашқы өрт сөндіру құралын пайдалану тәртібі көрсетіліп, арнайы видеоролик ұсынылды.
Сонымен қатар Әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы емделушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін алдын-алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрмыстық өрттердің негізгі себептері, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары және эвакуация кезіндегі іс-қимыл тәртібі мен өрт сөндіргішті пайдалану ережелері түсіндірілді.

Айта кетейік, Түркістан облысы Кентау қаласы аумағында қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ қала қызметтерінің үйлесімді және жедел әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында дайындық жөнінде арнайы штаб құрылып өз жұмысын атқарып келеді. Штаб жұмысының барысында оқу-жаттығуға байланысты арнайы кіріспелерге сәйкес практикалық іс-шаралар пысықталып, қыс маусымына дайындықтың негізгі бағыттары қаралып, коммуналдық қызметтер және авариялық-құтқару құрылымдарының іс-қимыл жоспардары жан жақты тексерілуде. Қала бойынша газдан сақтану, өрттің алдын-алу, төтенше жағдай барысындағы жәйттермен күрес туралы іс шараларды арнайымамандармен бірлесіп атқару алдағы уақытта да жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Түркістан облысы, Кентау қаласының арнайы экономикалық аймағында газ қазандықтарын шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Жобаны іске асыруға «TURAN Shenhua» ЖШС 2,4 млрд.теңге инвестиция салуда. Кәсіпорынның жалпы ауданы 2500 шаршы метрді құрайды. Өндіріс орнында жылына 30 мың дана газ қазандықтары шығарылады. Бұл өнімдер нарықта үлкен сұранысқа ие. Жаңа зауыт қаланың 40 азаматын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, экономиканы дамытуға үлес қосары сөзсіз.
Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауыңызды сұрайды.
ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!


