ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезектен тыс аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен тиісті мекемелердің басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
- Аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын-алу және жоюды ұйымдастыру шараларының барысы туралы;
- Аудандағы тұрғын үйлердің газ тұтыну қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарының барысы және өзекті мәселелері туралы.
Аппарат мәжілісінде аудан әкімі Азизхан Исмаилов, тұрғын үйлердегі газ тұтыну қауіпсіздігі, газбен жабдықталған үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуы, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, газ жабдықтарын техникалық тексеру, ақауларды дер кезінде анықтау және қауіпсіздікті сақтауға бағытталған шараларды әрдайым назарда ұстап, тиісті сала басшыларына аталған бағыттар бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, бақылауды күшейтуді тапсырды.

Ал, Қазығұрт ауданының прокуроры Руслан Абдраимов, төтенше және авариялық жағдайлардың алдын алу, қыс мезгілінде жылыту маусымының дайындығын үнемі бақылауда ұстап, қауіпсіздік шараларына қатысты хабарламаларды газет-журналдардан бөлек, әлеуметтік желілерде, ватсап чаттарда кеңінен таратып түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. Аудандық мәслихат төрағасы Тайбек Талымбетов, төтенше жағдай және өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары ауыл округі аппаратындағы жауапты мамандармен бірге тұрғын үйлерді жеке-жеке аралап түсіндіру жұмыстарымен қатар, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау мақсатында нақты жоспар құрып жұмыс жасау керек, сонда ғана нәтиже береді деп өз ұсынысын білдірді.
Жиынға қатысқан ардагерлер алқасы, ауыл билері мен зиялы қауым өкілдері, ауыл белсенділері ауыл округтеріндегі бірқатар мәселедерді көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданында жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында түсіндіру шараларымен қатар, тұрғын үйлерге газ сигнализаторларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Медеу арнайы барып, жұмыс барысымен танысып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар, арнайы құрылған 90 адамнан тұратын жұмысшы топ тұрғын үйлерге кіріп, газ сигнализаторларын орнату тәртібі мен талаптарын түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нақты нұсқаулықтар берді.
Аралау барысында тұрғындардың пештерді пайдалану тәртібі, мұржа тазалығы, желдету жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау деңгейі тексерілді. Аталған шаралардың басты мақсаты — аудан тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жылыту маусымының қауіпсіз әрі тұрақты өтуін қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімдігі мен, “Төтенше жағдайлар бөлімі” және “Газ инспекциясының” тұрақты бақылауында болмақ. Алдағы уақытта да аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын-алу және жоюды ұйымдастыру шараларының барысы туралы және аудандағы тұрғын үйлердің газ тұтыну қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарының барысы және өзекті мәселелері туралы ұдайы іс-шаралар атқарыла бермек.
Айта кетейік, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін әр бір өңір тұрғынының білуі де маңызды. Облыс көлемінде 350 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның ішінде жеке тұрғын үй секторларының саны – 346 мың, ал көпқабатты тұрғын үйлер саны – 3 781. Қазіргі таңда профилактикалық жұмыстармен 139 мыңдай үйге рейдтік аралау жүргізілді. Жыл соңына дейін басқа да үйлерді қамту көзделіп отыр. Ең маңыздысы – мемлекеттік көмек. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды қолдау, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бюджет қаражатын бөлу және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою қызметтерін ресурстармен қамтамасыз ету керек. Бұл елімізде іске асырылып жатқан шаралардың бірі. Төтенше жағдайлардың алдын алу жүйелі және кешенді көзқарасты, сондай-ақ қоғамның барлық деңгейлерінің: мемлекеттік органдардан бастап қарапайым азаматтардың белсенді қатысуын талап етеді. Сонда ғана келер қауіптен арыла аламыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында» деген болатын. Мемлекет тарапынан төтенше жағдайлар саласына айырықша көңіл бөлінуде. Түркістан облысы құрылғалы бері жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңгеге 36 бірлік жаңа техникалар сатып алынған.


