Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

САРЫАҒАШ: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

17 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Шытырман, Қоғам
0
САРЫАҒАШ:  ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен ауданда кеңейтілген лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімдігінің аппарат басшысы, әкімнің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ қала мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілісте төтенше жағдайлардың алдын алу, қысқы маусымға дайындық, әскери қызметке шақыру және күзгі ағаш отырғызу жұмыстары қаралды. Күз–көктем мезгілдеріндегі су тасқынының алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Исақожа Елеусизов баяндамасында Түркістан облысының әкімі Н. Көшеров бекіткен 2025–2026 жылдарға арналған су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар,  аудан аумағында  2025-2026 жылу маусымында газдан улану мен өрттің алдын алу шараларын  түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы орган өкілдері, «ҚазТрансГаз», «Жарық Транзит» мекемелері және полиция қызметкерлерінен құралған жұмыс топтары үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде 680 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, 1–2 топтағы мүгедектігі бар 2670 азаматтың отбасы және 2485 жеке тұрғын үйге өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық беріліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар жасалды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және қысқы кезеңге дайындықты күшейту мақсатында 2025 жылғы 27–28 қарашада «Қыс–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланғаны атап өтілді. Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Бекзат Шакирбаев 2025 жылғы көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанының барысы жөнінде баяндама жасады. 2025 жылы 7974 азамат медициналық тексеруден өтіп, 874 азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Бүгінде 676 сарбаз әскерге аттандырылып, олардың 426-сы Сарыағаш ауданынан шақырылған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұловтың айтуынша, биылғы күзгі маусымда аудан бойынша 31 700 түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Ағаштардың жерсінуін жақсарту мақсатында агротехникалық талаптарды күшейту, суару және күтім шараларын кеңейту ұсынылды. Аталған жұмыстарды сапалы орындау үшін барлық ауылдық округтер мен қала аумағына арнайы техникалар алынған.

– Біздің басты міндетіміз – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы инфрақұрылым қалыптастыру және өмір сүру деңгейін жақсарту. Әрбір сала басшысы өз бағыты бойынша жұмысты уақытылы әрі нәтижелі атқаруы қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда болады. Баршамызға мәлім болғандай, газ және электр аспаптарын пайдалануда салғырттық таныту – өртпен байланысты қайғылы жағдайға алып келеді, сондықтан, күнделікті тұрмыстағы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау әрбір азаматтың денсаулығы мен өмірінің, мүлкінің кепілі.

Мұндай тексеріс жұмыстары аудан аумағында ұдайы жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деп аудан әкімі Арман Абдуллаев қауіпсіздік бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Жиынды қорытындылай келе, өңір басшысы жауапты сала жетекшілеріне қауіпсіздік шараларын күшейтіп, барлық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар ағаш көшеттерін күтіп-баптау, суару, күзгі маусымдық жұмыстарға толық дайындықты қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту міндеттелді. Барлық тапсырмалар хаттамаға енгізілді.

Айта кетейік, жылу беру маусымы басталған уақытта тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады. Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады. Адам өміріне қауіпті улы газбен уланудың алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі аса маңызды. Бұл істер –  маңызды. Өрттің алдын алу бойынша алдын алу – іс- шараларын жүргізу-бұл халықты ақпараттандыру және техникалық құралдарды белгілеу. Осы әдістерді бірлесіп қолдану максималды тиімділік береді. Қатысушыларға іс-шара барысында  өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, алдын-алу бойынша  қажеттігі ескертіліп, ақпараттық жадынамалар да таратылды.

Айта кетейік, биыл облыс аумағында 390 өрт дерегі тіркелген. Облыс аумағында орын алған өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында, сауда орындарында, бидай және орман алқаптарында орын алған. Жыл басынан бері өрттен болған материалдық шығын 1 миллиард 729 миллион теңгені құрады.

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: РЕЙДТІК ТЕКСЕРІСТЕР КҮШЕЙТІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН КӨТЕРЕТІН ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі