Түркістан облысында жыл сайын төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында су тасқыны қаупі бар жерлер мен елді мекендер анықталып, алдын-алу шаралары жүргізіледі. Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инфрақұрылымды нығайтуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Негізгі іс-шаралар — қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру каналдары мен арықтарды орнату, сондай-ақ су өткізу құрылыстары мен нөсерлі кәріз жүйесін жөндеу.
Осыған орай, Түркістан облысы Сауран ауданында жауын-шашын кезінде орын алуы мүмкін су тасқыны қаупінің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Аудан аумағындағы су өтуі мүмкін учаскелерді зерделеу, көміліп қалған арықтарды аршу және су ағатын арналарының өткізу қабілетін арттыру бойынша арнайы іс-шаралар қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, ауылдық округтер аумақтарындағы арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл өз кезегінде судың табиғи ағымын реттеуге және жергілікті инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттыруға мол мүмкіндік береді. Қауіпті аймақтарда беткейлік сарқынды сулардың тұрғын үйлер мен қора-жайларға келтіретін ықтимал зиянын азайту үшін арнайы инженерлік жұмыстар жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта да су тасқыны қаупі бар аумақтарда алдын алу шаралары аудан аумағында жоспарлы түрде жалғасын табады.
Айта кетейік, қазір еліміздің барлық аймағында су тасқынына қарсы кешенді шаралар белсенді жүріп жатыр. Мұнда әрбір аймақта су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде. Су тасқынының алдын алу үшін мұз қабатын ою, өзен жағалауларын нығайту, сондай-ақ арналарға жиналып қалған қарды тазарту мен су сору жұмыстары жедел жүргізіліп жатыр. Бұл іс-шараларға азаматтық қорғау қызметтері қатысады. Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған.
Су тасқыны негізінен келесі себептерден туындаған:
— қатты немесе ұзаққа созылған жауын-шашын, қар мен мұз кептелісінің тез еруі;
— теңізден жағаға және өзендер сағасына қатты жел немесе толқынмен судың ағуы;
— табиғи себептер бойынша да, адамның кінәсінен де дамбалар мен су қоймаларының серпінділігі.
Мұзды кептелістер мен өзендердің жоғарғы ағысындағы топырақ көпірлері су тасқыны кезінде бірден пайда болады. Басқа жағдайларда су тасқыны қаупіне дер кезінде ден қоюға мүмкіндік беретін уақыт резерві бар. Сондай-ақ гидрологиялық болжамдарға назар аудару керек.
Егер сіз өзіңізді жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз еткіңіз келсе, сізге:
- толқынның алғашқы соққысында құлаған емес, күрделі құрылыстарды салу;
- барлық отбасы мүшелеріне жүзуді үйрету;
- қайыққа ие болу (ең дұрысы екі — біреуі қарапайым, екіншісі — үрленетін);
- елді мекенге жақын орналасқан топографиялық биік нүктелермен танысу;
- Табиғи апат туралы ескерту әдістері мен формаларын білу.
Су тасқыны – өзендегі судың көтеріліп, қардың еріп, желдің қатты соғуынан өзеннің тасуы немесе сел жүру кезінде кейбір елді мекендердегі су басуы. Су тасқынының келтірер зардаптарының қатарына үйлер мен ғимараттардың, көпірлердің қирауын, темір жолдар мен автокөлік жолдарын су шайып, инженерлік желілердегі апат, тұрғындар арасындағы зардап шегушілер мен жан-жануардың қырылуы сынды оқиғаларды жатқызуға болады.
Үйлер мен жер опырылып, барлығы қозғалып қирап жатқан болса, су тасқынының белгісі деп білсеңіз болады. Су тасқыны кезінде жұмыс орындары мен пәтерлерде радио желісі тәулік бойы жұмыс атқарып тұруға тиісті, себебі, тұрғындар алдын ала хабардар болуы керек. Хабарландыру сигналдары, эвакуация жасау шаралары мен ережелерімен танысып, соған алдын ала дайын болыңыз.
Апат айтып келмейді, бірақ қазақта «сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар. Елімізде көктем келсе су тасқыны мен сел жүру қаупі күшейе түседі.
- Әрдайым дайын болыңыз Тұрғылықты жеріңіз туралы жақсы біліп алыңыз, егер су тасқыны мен сел жүретін аймақта тұрсаңыз әрдайым құлағыңызды түріп жүріңіз. Мысалы, өзен маңына қоныстанған қала, елдімекендерде көктемде жыл сайын табиғи апаттың алдын алу жұмыстары атқарылады. Соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз Елдің кез келген нүктесінде су басу қаупі бар болса телеарна, радио, интернетте бұл туралы міндетті түрде жаңалықтар шығады. Айта кетсек, азаматтардың телефонына 112 қызметі ауа райы, болуы мүмкін табиғи апаттар туралы хабарлама жіберіп отырады.
- Электр мен газды өшіріңіз Үйіңізге су кірместен бұрын тез арада барлық коммуникацияны өшіріңіз. Электр тогына су тисе қандай жағдай болатынын бәріміз білеміз. Тіпті соңы адам өлімімен аяқталуы мүмкін. Барлық есік пен терезе жабық болуы керек.
- Егер сіз суға батып бара жатсаңыз… Жүзуге, су бетінде ұстап тұруға көмектесетін кез келген затты пайдаланыңыз. Үйіңізде доп, пластик бөтелкелері, үлкен үрмелі шарлар болса тіптен жақсы. Егер жаныңызда бір адам көмек сұраса бірден қолыңызды созып судан шығарып алуға тырыспаңыз. Мұндай жағдайда сіз өзгені де, өзіңізді де құтқара алмайсыз. Одан да ол адамға су бетінде ұстап тұруға көмектесетін заттарды беріңіз.


