Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

ШАРДАРА: Улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау мәселелері қаралды

17 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Қоғам, Әлеумет
0
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің орынбасары Е.Каратуновтың төрағалығымен тұрғындардың улы газдан уланудың, төтенше жағдайдың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелеріне қатысты жиын өтті. Жиынға қала, ауыл әкімдері, сондай-ақ мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Жылыту маусымында тұрғындардың улы газдан улануы мен тұрғын үйлерде, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарда өрт оқиғаларының орын алуының негізгі себептері жылыту пештерін дұрыс пайдаланбау, электр желісіне түсетін жүктеменің артуы мен  электр қондырғыларын дұрыс пайдаланбау мәселелері аталып өтілді.

Шардара аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғаныс подполковнигі А.Сатбаев күн тәртібіндегі мәселеге қатысты қауіпсіздік шаралары бойынша атқарылып отырған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап «Тұрғын үй және газ қызметі» КММ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, «QAZAQ QAZ AIMAK”АҚ-ның ТОФ Шардара аудандық бөлімі, қала, ауыл әкімдіктерінен құралған жұмысшы топ аудан көлемінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап жылу жүйелері мен  пешті дұрыс пайдалану жөнінде тұрғындар арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратылуда.

Шардара ауданы әкімінің орынбасары Е.Каратунов жиынды қорытындылай келе, қала және ауылдарда тұрғын үйлерді мен басқада нысандарды аралау жұмыстарын күшейтіп, әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға баса назар аударуды; Жұмысшы топ анықтаған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарын жергілікті органдармен бірлесіп жою; Тұрғындар көп үйде болатын демалыс күндері үгіт-насихат жұмыстарын күшейту; Улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды үнемі бақылауда қатаң ұстауды тапсырды.

Шардара ауданы аумағында улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

2025 — 2026 жылдардағы жылыту маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында аудан әкімінің өкімімен улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша «Тұрғын үй және газ қызметі» КММ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, «QAZAQ QAZ AIMAK”АҚ-ның ТОФ Шардара аудандық бөлімі, қала, ауыл әкімдіктерінің мамандарынан жұмысшы топ құрылып, 14557 тұрғын үйлер мен әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралау іс-шара жоспары бекітілген. Бүгінгі таңда 22 жұмысшы топ Шардара қаласы мен ауданға қарасты 10 ауылдық округте 9100 абонентті аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жаднамалар таратты.

Жұмысшы топ, өміріміз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі — әрқайсымыздың қолымызда екенін айтты. Соныменқатар, улы газдан улану мен өрт оқиғаларының алдын алу үшін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтайық, үйіміздегі жылу және газ құрылғыларының жағдайына мұқият болайық. Қауіпсіздік ережелерін сақтау — өз отбасымыздың амандығын қамтамасыз етудің ең маңызды қадамы, екендігін тұрғындарға түсіндірді!

Басты мақсат-тұрғындардың қауіпсіздігі, келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Сондай-ақ, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Е. Каратунов, аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы А. Махашев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, «QAZAQ GAZ AIMAQ» АҚ аудандық бөлімінің мамандары және «Шардара электр желілері» мекемесінің жауапты қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы аудан аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Тексеру барысында құрылыс жұмыстарының құрылыс және сәулет нормаларына сәйкестігі, нысандардың қызыл сызықтар мен бекітілген арақашықтықтарды сақтау деңгейі жан-жақты қаралды.

Сонымен қатар нысан меншік иелеріне электр және газ желілерін жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Шардара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

өрт қауіпсіздігі мен уланудың алдын алу ережелерін қатаң сақтау — отбасыңыздың амандығы мен қауіпсіздігінің басты кепілі екенін ескертеді!

Қауіпсіздік қағидаларын орындау — әр үйдің ортақ міндеті.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша аудан көлемінде тұрғын үйлер араланып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкерлік нысандарда назардан тыс қалмаған.

Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов бастаған жұмысшы топ бірқатар кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау және уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын атқарды. Аралау барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, «QAZAQGAZ AIMAQ » АҚ-ның ТОФ Шардара аудандық бөлімінің, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Шардара электр желісі мекемесінің мамандары нысандардың электр желісі мен газбен жабдықталуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті нұсқамалар берді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі болып табылады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау әр азаматтың міндеті!

Алдыңғы жаңалық

Бәйдібек:Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары

Келесі жаңалық

САУРАН: Су тасқынына қарсы кешенді шаралар жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі