Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

Бәйдібек:Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары

17 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Қоғам, Әлеумет
0
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен ауданда кезекті кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды:

Бәйдібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Қанат Ауелбеков тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы өрт қауіпсіздігі, жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде баяндама жасады. Жетісай ауданында орын алған жағдайға байланысты алдын алу шараларын күшейту тапсырылды. Планшеттер арқылы салынған айыппұлдар  .  Аудан әкімінің заң кеңесшісі Нұрсұлтан Пазылов ауылдық округтерде планшеттерді пайдалану және әкімшілік айыппұл салу тәртібі бойынша есеп берді.   Қосымша мәселелер

Күзгі көшет отырғызу жұмыстары – әкімнің кеңесші-көмекшісі Берік Тұрлыбеков атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Жаңадан алынған техникаларды бөлу және аудан тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету – бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде ТКШ бөлімі басшысы Жандос Азизханов баяндады. Жиын соңында Бақыт Қырғызалиев қатысушылардың сауалдары мен ұсыныстарын тыңдап, күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, жауаптыларға қадағалауды тапсырды.

Сонымен қатар, жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныс болыңыздар:

  1. Пешті пайдалану кезінде:
  • Пешті пайдаланар алдында оның түтін шығару арналары мен мұржаларын мұқият тексеріп, тазалау қажет.
  • Пештің түтін шығару тесіктері жақсы тартуы керек, бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
  • Пешті жағу кезінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин, спирт т.б.) қолдануға тыйым салынады.
  • Пештің есігі жабық болуы тиіс, алдына өртке төзімді қалқанша (металл табақ) орнату қажет.
  • Пешті және басқа жылыту құрылғыларын балаларға қараусыз қалдыруға болмайды.
  • Пешті түнде және үйден шығар алдында жағуға болмайды.
  1. Электр жылытқыштарды пайдалану кезінде:
  • Электр жылытқыштар зауытта жасалған, сертификатталған болуы керек.
  • Электр сымдары зақымданбаған, штепсельдері мен розеткалары дұрыс жұмыс істеуі қажет.
  • Электр жылытқышты жанғыш материалдар мен жиһаздарға тым жақын қоюға болмайды (кемінде 1 метр қашықтықта).
  • Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қосуға болмайды.
  • Құрылғыны қосулы күйде қалдырмаңыз, ұйықтар немесе үйден шығар алдында міндетті түрде өшіру керек.
  1. Газбен жылыту кезінде:
  • Газ құрылғыларының герметикалығын және тартуын үнемі тексеріңіз.
  • Газдың иісі білінсе, жарық пен электр құралдарын қоспай, дереу газ қызметіне хабарласыңыз.
  • Газ плитасын немесе жылытқышты ашық күйде қалдыруға болмайды.
  1. Жалпы қауіпсіздік шаралары:
  • Әр үйде өрт сөндіргіш құрал (өртсөндіргіш) және құм не су құйылған шелек болуы тиіс.
  • Балаларға отпен ойнауға, сіріңке немесе шам жақпауға үйретіңіз.
  • Қатты жел, аяз немесе электр желісіндегі ақаулар кезінде пеш пен жылытқыштарға ерекше назар аударыңыз.
  • Өрт шыққан жағдайда бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

 

Содай-ақ, Бәйдібек ауданы Шаян елді мекенінде  орналасқан N 19 колледж студентеріне  тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен газдан уланудың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрмыстық жылыту құралдарын, газ жабдықтарын пайдалану ережелері, ашық от көздерімен жұмыс істеу талаптары, төтенше жағдай орын алған жағдайда хабар беру және эвакуациялау тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге өрттің туындау себептері, газдан уланудың алғашқы белгілері және дер кезінде жедел қызметтерге хабарласу қажеттілігі туралы ақпарат берілді. Алдын алу шараларын сақтау – адам өмірін қорғаудың негізгі кепілі екендігі ерекше атап өтілді.

Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағында орналасқан адам көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздіні жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағындағы  газ құю бекеттерін аралап,тұрғындармен жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында  автокөліктерге газ құю кезінде міндетті қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндіріліп ,тұрмыстық газ баллондарға газ құюға қатаң тыйым салынатыны атап өтілді.Сонымен қатар,аталған талаптарды бұзған жағдайда заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді. Осы шара аясында ТЖМ-нің ресми парақшаларына өтуге арналған QR-коды бар ақпараттық флайерлер дайындалып, адамдар көп шоғырланатын нысандарға, соның ішінде сауда орындарына, тамақтану орындарына, дәріханаларға және халық көп жиналатын басқа да қоғамдық орындарға орналастырылды. Аталған жұмыс тұрғындардың төтенше жағдайлар туралы жедел және сенімді ақпарат алуына, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін арттыруға бағытталған.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БАР.

Келесі жаңалық

ШАРДАРА: Улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау мәселелері қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі