Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖҰМЫСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

19 декабря, 2025
in Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІНДЕ АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБУДА
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік дамужолына аса мән берген болатын. Соның ішінде ауылдардағы әлеуметтік меселелерді шешу, әсіресе медициналық нысандарды ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытты Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін, осы орайда Түлкібас ауданына қарасты Қызылбастау ауылында көптен күткен жаңа  медициналық тірек ел игілігіне берілді. Шараға арнайы  облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Тұрғындарға денсаулық сақтау қызметінің жақсарып, әлеуметтік сала жұмысы дамып, ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артатынын айтты.

Бұған дейін ауыл халқы жалдамалы ғимаратта медициналық көмек алып келген. Енді жаңа, заманауи талаптарға сай салынған медициналық тірек халыққа сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге толық мүмкіндік береді.

Биыл ауданда жыл басынан бері тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында Мақталы, Тастұбұлақ, Шақпақ-Баба ауылдарында жаңа медициналық тіректер іске қосылса, жуырда ғана Азаттық ауылында да жаңа медициналық нысан қолданысқа берілді. Ауданда медициналық нысандарды арттыру үшін келесі жылы  Қараағашты, Жаңұзақ, Майтөбе және Еңбек елді мекендерінде де заманауи медициналық тіректер салу жоспарлануда.

Айта кетсек, өткен жылы Түркістан облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында жалпы  құны 10 млрд теңге құрайтын 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізіліп, толық іске қосылған болатын. Осы бағыттағы жұмыстар осы жылы да жалғасын табуда.  Атап айтқанда облыс көлемінде қайта жаңғырту қажет ететін 73 медициналық нысанның, биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен 34 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді.

Айта кетейік, Әлеуметтік сала – қоғамның негізгі саласы, ол адамдардың мүдделері, әлеуметтік топтар мен ұлттар арасындағы қарым-қатынастар, сондай-ақ еңбек, денсаулық, бос уақыт және тұрмыс жағдайларын қамтиды; бұл салада білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету (зейнетақы, жәрдемақы) сияқты маңызды бағыттар бар, оның негізгі мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, бұл күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты  Ынталы елді мекенінде әлеуметтік жаңа нысан пайдалануға берілді. Жаңадан салынған 200 орындық мәдениет үйі мен  кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тұрғындар үшін маңызды ғимараттың ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтімен құттықтады.

 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жаһан жұрты елімізді өнеріміз, мәдениетіміз арқылы танып біледі» деп атап өткен болатын. Сондықтан мәдениет саласына қолдау көрсетудің маңызы зор. Биылғы 13 наурызда Мақтаарал тұрғындарымен өткен кездесуде халық тарапынан бірнеше маңызды мәселе көтерілген болатын. Сіздер құрылысы басталып, қаржының толық бөлінбеуіне байланысты тоқтап қалған екі мәдениет үйінің құрылысын аяқтау туралы ұсыныс бердіңіздер. Бұл – Ж.Нұрлыбаев  және Достық ауылдық округіндегі мәдениет үйлері. Аталған нысандарды өз бақылауыма алып, құрылыс жұмыстарына қажетті қаражат толық қарастырылды. Нәтижесінде бүгінде бұл мәдениет ошақтары халық игілігіне табысталуда. Сонымен қатар А.Қалыбеков ауылдық округіндегі бір мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ халықпен кездесуде көтерілген тағы бір маңызды мәселе  – Мырзакент кентіндегі орталық саябақты қайта жаңғырту еді. Халықтың осы өтініші де назардан тыс қалмай, бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, жоба толық жүзеге асырылды. Ауылдарды, өңірді дамыту жұмыстар жалғасады, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәдениет үйінің құрылысын «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС жүргізген. Құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Жер телімінің жалпы алаңы –  1 гектар, ғимараттың жалпы ауданы – 1 273 шаршы метр. Конкурстық құны – 794 002,7  мың теңге. Нысанның ашылуымен  70-тен астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.  Мұнда түрлі бағыттағы шығармашылық үйірмелер, концерттер мен мәдени іс-шаралар өткізуге толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар ғимарат ішінен заманауи талаптарға сай кітапхана да ашылып, оқырмандарға есігін айқара ашты. Спорттық үйірмелерге де орын қаралған.

Айта кетсек, бүгінгі таңда ауданда 10 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Аталған мәдени мекемелерде жастар мен оқушылар би, домбыра, қолөнер, эстрада және  тағы басқа  бағыттар бойынша  өз өнерлерін шыңдап

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІНДЕ АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБУДА

Келесі жаңалық

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін арттыру жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі