Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің инвесторларға қолайлы жағдай жасап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында тағы бір тың жоба жүзеге асқалы отыр.
Ауданның тиімді географиялық орналасуы, ірі еңбек ресурсы және өндіріс ашуға қолайлы инфрақұрылымы – индустриалды аймақ құруға негіз болатын маңызды факторлар.
Осы орайда жеке инвестор Тасқынбай Бұрлыбаевпен кездесу өтіп, Қайнарбұлақ ауылдық округінде «TATA» индустриалды аймағын салу жобасы талқыланды.
Халықаралық маңызы бар Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің бойында орналасатын жаңа аймақтың аумағы 21 гектарды, ал жалпы құны 5 млрд теңгені құрайды. Бұл – өңірге келетін инвесторлар үшін логистикалық жағынан тиімді, дайын инфрақұрылымы бар жаңа өндіріс алаңы болмақ.
Индустриалды аймақтың ішінде жұмысшыларға арналған жатақхана, әлеуметтік нысандар, мешіт пен тұрмыстық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін инфрақұрылым салу жоспарланған.
Сонымен қатар, жиһаз өндірісін және ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын зауытты орналастыру көзделуде.
Жобаның іске асуы ауданда жаңа жұмыс орындарының ашылуына, өңірдің экономикасына жаңа серпін берілуіне және Сайрамның өндірістік әлеуетінің артуына тікелей әсер ететіні сөзсіз.
Сайрам ауданының географиялық орны, халық санының көптігі және жұмыс күшімен қамтылуы — өңірде индустриалды аймақ ашудың қажеттілігін көрсетеді.
Осы мақсатта Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев жеке инвестор Тасқынбай Бұрлыбаевпен кездесіп, Қайнарбұлақ ауылдық округі аумағында «ТАТА» индустриалды аймақ салу жобасын талқылады.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің бойында орналасатын бұл индустриалды аймақтың жалпы көлемі 21 гектарды құрайды. Ал жоба құны 5 млрд теңге.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвесторларға қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмалары аясында бұл жоба Сайрам ауданы үшін стратегиялық бастама болып отыр.
Өйткені аудан аумағында дайын индустриалды аймақтың болуы шетелдік және отандық инвесторларды тартуды айтарлықтай жеңілдетеді. Инженерлік инфрақұрылымы толық қамтамасыз етілген, өндіріс алаңдары дайын аумаққа келуге ниетті кәсіпкерлер үшін бұл — үлкен мүмкіндік.
Индустриалды аймақтың ішінде жұмысшыларға арналған жатақхана, әлеуметтік-тұрмыстық нысандар, мешіт және басқа да қажеттіліктер қарастырылған.
Заманауи талаптарға сай салынатын бұл аумақта жиһаз шығаратын өндіріс орны, техника құрастыратын зауыт орналастыру жоспарда бар. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құрып, аудан экономикасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
Сайрам ауданы үшін индустриалды аймақ — тек құрылыс жобасы емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін күшейтіп, инвесторлар үшін тартымды орталық қалыптастыратын маңызды қадам. Ауданның қолайлы логистикасы мен адами капиталы мұндай бастаманы жүзеге асыруға толық мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Түркістан маңында отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 152 ғимарат салып, 6 040 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаның І кезеңінде 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 1 220 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде бюджеттің 1 теңгесіне 8,5 теңге жеке инвестиция тартылған.
– Өндірістік парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар ашылды. Отандық өндірісті дамыту есебінен 27 млрд. теңгеге импорттық тауарларды алмастыруға қол жеткіздік. Алдағы уақытта бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық бұйымдармен елімізді қамтамасыз етуге және экспортқа шығаруға мүмкіндік болады. Шағын өндірістік алаңдарды дамыту үшін жергілікті кәсіпкерлер белсенді атсалысуда. Біздің әрбір аудан мен қалада, халық тығыз орналасқан ауыл округтерінде өндірістік алаңдар құрылып, кәсіпорындар мен зауыттар ашылады, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Осы жұмыстар нәтижесінде Сауран ауданында жеке инвестиция есебінен 55 гектар аумақта 5 шағын өндірістік алаң құрылды. Мұнда 30 млрд. теңгеге 115 жобаны іске асырып, 1 124 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда «Қарашық», «Иассы», «Шорнақ», «Үшқайық» және «Жүйнек» өндірістік алаңдарында 37 ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Ордабасы ауданында аумағы 10,5 гектар болатын «Темірлан» өндірістік алаңында 5 ғимарат салыну үстінде. Инвестиция көлемі – 10,4 млрд. теңге. 100 жұмыс орны құрылады. Жобаның мультипликативтік тиімділігін ескере отырып, барлық аудандарда осы тәжірибені ендіру жұмыстары басталып кетті.
Жалпы, облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаңдары құрылған. Негізгі бағыттар ретінде: құрылыс материалдары, жиһаз, пластик және резеңке, химия өнімдері өндірістері мен жеңіл өнеркәсіп айқындалды. Бүгінгі таңда, 192 ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы аяқтап, іске қосуды көзделген.


