Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері облыс аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Мәселен, атап айтканда:
— пеш жүйелерінің, электр және газ жабдықтарының жарамдылығын тексеру;
— тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;
— жылыту жабдықтарның қызып кетпеуін бақылауға алу және электр жүйесіне қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмау;
— жанғыш материалдарды пештен қауіпсіз қашықтықты сақтау;
— қолдан жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды пайдаланудан бас тарту;
— мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оларды тазарту.
Сонымен қатар, ТЖД жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатын жеткізеді.
«Сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтылмаса керек. Оқыс оқиғадан сақ болу үшін алдымен, қауіпсіздік ережесімен таныс болып, оны сақтау шарт. Арнайы мекеме, қызметтік орындар, тіпті үйіңізге де қауіпіздік ережесін әзірлеп, еңгізіп қойған дұрыс.
Өмірдің әртүрлі салаларындағы ықтимал қауіптер мен осалдықтарды бағалау, соның ішінде инфрақұрылым, мемлекеттік мекемелер, экологиялық жүйелер және т.б. Яғни, өткеннен сабақ алып, болашақта қайталамау керек.
Халықты ақпараттандыру және оқыту аса маңызды. Ағартушылық науқандар мен қауіпсіздік жаттығуларын өткізу, азаматтарды төтенше жағдайларда аман қалу және әрекет ету негіздеріне үйрету арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға болады.
Хабардарлық пен коммуникацияны арттыру, инфрақұрылымды және технологияны дамыту басты назарға алыну керек. Дағдарыс жағдайында мониторинг, байланыс және ескерту жүйелерін жақсарту үшін заманауи технологиялар мен инфрақұрылымды қадағалау маңызды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін халықаралық ынтымақтастықтың да рөлі орасан зор. Қауіпті оқиғаның алдын алу саласында тәжірибе, ақпарат және ресурстар алмасу үшін басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату қажет. Өзге елдерде болған оқыс оқиғалар мен мәселені шешудегі әрекетіне назар аудару арқылы қателікті қайталамаудың алдын алуға болады.
Тұрақты аудит және бақылау жүйесі. Әлсіз жақтарды және проблемаларды анықтау және оларды уақытылы түзету үшін қауіпсіздік және төтенше жағдайларға дайындық жүйелеріне үнемі шолулар мен аудиттер жүргізу керек.
Ең маңыздысы – мемлекеттік көмек. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды қолдау, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бюджет қаражатын бөлу және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою қызметтерін ресурстармен қамтамасыз ету керек. Бұл елімізде іске асырылып жатқан шаралардың бірі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу жүйелі және кешенді көзқарасты, сондай-ақ қоғамның барлық деңгейлерінің: мемлекеттік органдардан бастап қарапайым азаматтардың белсенді қатысуын талап етеді. Сонда ғана келер қауіптен арыла аламыз.
Айта кетейік, Бүгінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден астам қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарып келеді. Құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірін қорғау бағытында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүр.


