Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

ОРДАБАСЫ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

20 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Қоғам
0
ОРДАБАСЫ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудан орталығында төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру, қауіп-қатерді азайту,сақтық шараларын сақтау және алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру мақсатында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының жиыны өтті.

Жиында аудан әкімі комиссия құрамындағы әрбір бөлім мен мекеме басшыларынан алдағы кезеңге арналған нақты шаралар мен өткен кезеңдегі жұмыстардың есебін тыңдады. Сондай-ақ комиссия мүшелерімен төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, су тасқыны, табиғи апаттар мен әлеуметтік төтенше жағдайларға дайындық бойынша жан-жақты талқылау жүргізді.

Климаттың өзгеруі қатты дауыл немесе құрғақшылық сияқты төтенше ауа райы оқиғаларына әкелуі мүмкін.

Келесі, техногендік апаттар.  Техникадағы ақаулар, өндірістік алаңдардағы, электр станцияларындағы, ядролық реакторлардағы немесе көліктердегі апаттар күрделі төтенше жағдайларды тудырады.

Адам қателіктері де төтенше оқиғаларға алып келеді. Мәселен, инфрақұрылымды жобалау, салу немесе пайдаланудағы кемшіліктер, қоғамдық төтенше жағдайлар, әсіресе, террорлық шабуылдар мен зорлық-зомбылықтың басқа түрлері қоғамдық қауіпсіздік үшін ауыр зардаптары бар төтенше жағдайларды тудыруы мүмкін. Одан бөлек, азаматтық толқулар, демонстрациялар және әлеуметтік наразылықтың басқа түрлері бақылаудан шығып, үлкен қауіп төндіреді.

Экологиялық факторлар да төтенше жағдайлардың болуының бір себебі. Өндірістік апаттар немесе рұқсатсыз орман кесу экологиялық дағдарыстарға әкелсе, табиғи ресурстардың тозуы, биоәртүрліліктің өзгеруі және басқа факторлар табиғи апаттар немесе өрттер сияқты төтенше жағдайларға ықпал етпей қоймайды.

Бұл себептердің бірнешеуі ғана. Осының өзі адам өміріне аса қауіпті. Бірі білсе, бірі білмейді. Оқыста, басына іс түскенде абдырап қалатындар да бар.

Аудан басшысы әрбір шараның орындалу барысы мен алдағы жоспарына егжей-тегжейлі тоқталып, кемшіліктер мен жетілдіру мәселелерін қарастырды. Барлық жауапты қызметкерлерге төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тұрғындарды хабарландыруды  күшейтуді, апатты жағдайларда жылдам әрекет етуді тапсырды.

Айта кетейік, ! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында» деген болатын. Мемлекет тарапынан төтенше жағдайлар саласына айырықша көңіл бөлінуде. Түркістан облысы құрылғалы бері жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңгеге 36 бірлік жаңа техникалар сатып алынды. Алдағы уақытта да материалдық техникалық базаны нығайту жалғасады. Бұдан бөлек, Сауран және Төлеби аудандарында құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 2 жаңа өрт сөндіру бөлімі соғылып, халық игілігіне берілді. Бұл мемлекеттің қолдауы мен сенімі. Бүгінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден астам қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарып келеді. Құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірін қорғау бағытында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүр.

 

Алдыңғы жаңалық

«ЖАМАН АЙТПАЙ, ЖАҚСЫ ЖОҚ»

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖОЛЫ ҚАРҚЫНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі