Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына қойған міндеттері аясында, ел өңірлері қарқынды дамып келеді.
Түркістан облысының биылғы 10 айдың қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Өнеркәсіп өнім көлемі 1 256,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 113,4%-ды құрады (ҚР – 107,3%).
Өңдеу өнеркәсібімен 593,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 111,2% деңгейінде қалыптасып, жоспарға қол жеткізілді (жоспар – 107,9%).
Тау-кен өнімі 574,6 млрд теңге немесе өсім 115,1%-ға жетті. Жоспар (115%) толық орындалды.
Ауыл шаруашылығында 1 086,9 млрд теңге өнім өндіріліп, өсім қарқыны 101,7% деңгейінде орын алды (жоспар – 104,4%):
— Мал шаруашылығы – 353,5 млрд теңге 106,8%;
— Өсімдік шаруашылығы – 728,0 млрд теңге 99,3%.
Облыс экономикасына, 1 178,4 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 124,2%-ды құрады.
Жалпы сауда көлемі 688,4 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 148,3%-ды құрады (жоспар – 122,8%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 450,6 млрд теңге немесе өсім 128,6% деңгейінде қалыптасты (жоспар – 103,0%). Есепті кезеңде 931,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылып, өсім 110,2%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметінің жалпы көлемі 445,2 млрд теңгеге жетіп, 124,8%-ға артты (жоспар – 109,9%). Байланыс қызметінің көлемі 9,8 млрд теңгені, өсім 111,3%-ға жетті (жоспар – 109,3 %).
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектіге Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындай отырып, цифрландыру мен жасанды интеллектті басым бағыт ретінде атап көрсетті. Білім беру саласындағы цифрландыру мен автоматтандыру – сапалы білімге қол жеткізу мен басқарудың тиімді құралына айналуда.
Білім беру деңгейлері мен күнделікті көп қолданылатын ақпараттық жүйлер:
- EGOV (электрондық үкімет порталы), АРМ ұлттық платформалар (автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер).
Мектепке 1 сыныпқа қабылдау, колледжге өтініш беру, педагог санатына өтінім беру сияқты мемлекеттік қызметтер онлайн форматта жүзеге асады. Сондай-ақ 45 тен астам білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлығы: eGov.kz (электрондық үкімет порталы), eGov mobile (мобильді қосымша), E-license.kz, E-otinish.kz сияқты платформалар арқылы автоматтандырылып, қолжетімді болып отыр.
- Ұлттық білім беру деректер базасы (НОБД)
Барлық білім беру ұйымдарының, оқушылардың, педагогтердің, білім беру бағдарламаларының деректері енгізілген. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жүктемені бекіту процестері автоматтандырылған. Облыс бойынша 100% білім ұйымдары осы базаға қосылған (балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру ұйымдары, арнайы мектептер, балалар үйлері және т.б.).
- «Ұстаз» ұлттық платформасы
Мұғалімдердің аттестаттаудан өтуін, үздіксіз кәсіби дамуын цифрландыруға бағытталған. Педагог өз жеке кабинетінде біліктілігін арттыру, портфолио енгізу, бағалау нәтижелерін қадағалау мүмкіндігіне ие.
- «Bilimland.kz» IT-платформасы
Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде Bilimland.kz экожүйесі аясында «BilimKlass» электронды журнал жүйесі енгізілген, 10 жылға қол қойылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шарты негізінде, тегін қызмет көрсетілуде). Бұл мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың үлгерімі мен қатысуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ онлайн сабақтар, бейнематериалдар мен интерактив тапсырмалар қоры пайдаланылады. Облысымыздың білім саласында әр деңгейінде төмендегі ақпараттық жүйлермен жұмыс жүргізілуде:
Балабақшаларда «Tolem» ЖШС-нің Face ID электронды табелдеу құрылғылары, balabaksha.snation.kz eGov.kz электрондық үкімет порталынан түскен ата-аналардың өтінімдерін өз микроучаскелері бойынша кезекке қою, жолдама беру қызметін жүзеге асырады, мектептерде Bilimland.kz, Bilimclass.kz, OnlineMektep, iTest, Twig, mektep.snation.kz, es.edu.kz. қызметтері пайдаланылып келеді.
Оқушылардың ыстық тамағына бөлінетін қаражатты басқару білім беру ұйымдарын АБК-мен (ақпараттық бағдарламалық кешен) жарақтандыру арқылы жүзеге асырылуда: Tolem, Е-асхана, «Алақан» Әлеуметтік әмиян (Соц.кошелек), Бизнес әмиян.
2025 жылғы жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық мектептерде мемлекеттік жеңілдікпен берілетін ыстық тамақ қызметі тек «Әлеуметтік әмиян» және «Бизнес әмиян» арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік әмиян (бұдан әрі – Әмиян) – жеке тұлғаның eGov Mobile қосымшасына кіріктірілген электронды әмияны, ол цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға, сондай-ақ оларды басқаруға арналған. Мысалы, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі бойынша әлеуметтік әмиян ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде алуға, балалардың мектеп асханасына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтануға арналған цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.


