Жылу беру маусымы басталған уақытта тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады. Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады. Адам өміріне қауіпті улы газбен уланудың алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі аса маңызды.
Осы мақсатта Түркістан облысы Отырар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Құнанбайұлының төрағалығымен жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторларында өрт профилактикасын жүргізу іс-шараларының жоспарына сәйкес өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша басқосу жиыны өткізілді.
Жиын барысында төтенше жағдайлар бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтау және азаматтық қорғаныс жұмысын басшылыққа алу туралы айтылып, мекемелерде өрттердің және олардың салдарының алдын алуға бағытталған шараларды жүргізу қажеттігі түсіндірілді.
Өрт тілсіз – жау екендігі баршамызға белгілі. Қоғамда орын алып жатқан өрттердің басым көпшілігі азаматтық қорғау саласының қызметкерлерінің бақылауында болмайтын нысандарда, яғни жеке тұрғын үйлер мен жеке меншік басқа да нысандарда болып жатады. Бұл дегеніміз өкінішке орай азаматтарымыздың өзінің және басқа да жақындарының өмірінің қауіпсіздігіне бей-жай қарайтындығын көрсетеді. Сондықтан тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын белсенді ұйымдастырудың маңызы зор.

Айта кетейік, биыл облыс аумағында 390 өрт дерегі тіркелген. Облыс аумағында орын алған өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында, сауда орындарында, бидай және орман алқаптарында орын алған. Жыл басынан бері өрттен болған материалдық шығын 1 миллиард 729 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, газдан улану дерегі бойынша 1 жағдай тіркелген. Оқиға салдарынан 2 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған. Жергілікті әкімдіктер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мұржалары тазартылды. Атаулы іс-шараға төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, газ инспекциясының мамандары қатысты. Облыс көлемінде жүргізілген рейдтер нәтижесінде ТЖД қызметкерлері 37 мыңнан астам заңбұзушылықтарды анықтады. Жылыту маусымында пештерді тазалау жұмыстары кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс.Түтін арналары өтетін пештер, құбырлар мен қабырғалардың беттері ақаусыз, жарықсыз болуы міндетті. Пештен алынған күл мен от қалдығына су құйып, ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан жерге апарып тастау қажет.
Өрттен сақтану үшін үгіт-насихат өткізу ғимарат пен заттардың зақымданудан қорғауға көмектеседі, ең бастысы – адамдардың денсаулығын сақтайды. Егер сіз өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтасаңыз, қайғылы жағдайдың алдын ала аласыз.
Өртті қалай болдырмауға болады?
- Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін:
- Кәсіпорындардағы талаптардың орындалуына тексеру жүргізу;
- Жоспарланған инспекцияларды жүргізу;
- Ғимараттағы өрт қауіпсіздігін тексеру;
- Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу;
- Сөндіру құрылғыларымен жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды үйрету;
- Сумен жабдықтауға, суды тексеруге жауапты лауазымды енгізу;
- Өрт сөндіргіштердің, басқа жабдықтардың жарамдылығын тексеру;
- Эвакуациялық шығулардың тиісті жай-күйі;
- Автоматты өрт сөндіру жүйелерін орнату; Қауіпті жерлерде отқа төзімді материалдарды қолдану;
- Өрт қауіпті заттарды сақтау мен пайдалануды дұрыс ұйымдастыру.
Бұл істер – маңызды. Өрттің алдын алу бойынша алдын алу – іс- шараларын жүргізу-бұл халықты ақпараттандыру және техникалық құралдарды белгілеу. Осы әдістерді бірлесіп қолдану максималды тиімділік береді.
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері облыс аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Атап айтканда:
— пеш жүйелерінің, электр және газ жабдықтарының жарамдылығын тексеру;
— тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;
— жылыту жабдықтарның қызып кетпеуін бақылауға алу және электр жүйесіне қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмау;
— жанғыш материалдарды пештен қауіпсіз қашықтықты сақтау;
— қолдан жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды пайдаланудан бас тарту;
— мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оларды тазарту.
Сонымен қатар, ТЖД жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатын жеткізеді.


