Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүруде.

20 декабря, 2025
in Денсаулық, Жаңалықтар, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүруде.
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осыдан жеті жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды болатын. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Қасиетті қалада түрлі нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті шаhарға айналды. Әлеуметтік – экономикалық ахуалы атап өтерлік деңгейге жеткен. Экономикасы дамыған өңір биылғы жылы Республика бойынша алдыңғы орында көш бастады.  Өткен жылы Түркістан қаласы түркі әлемінің туристік астанасы болып жарияланды. Киелі қалаға Мемлекет басшысының тапсырмасымен ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралда. Бұл құжат өңірдің экономикалық  дамуына айрықша серпін берді. Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқынды жүруде. Соның ішінде өңірде спорт, туризм, медицина салалары қарқынды дамып, жаңа жобалармен халықты қуантуда. Ел игілігіне жаңа заманауи ғимараттар бой көтеріп, пайдалануға берілуде.

Мәселен, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ елді мекенінде заманауи ашық және жабық үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, «Үлгілі ауыл» байқауында жеңімпаз атанған ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.

– Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  өз Жолдауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы бастама көтерген болатын. Бұл акция елімізде кең қолдау тауып, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Осы акция аясында ауылдық аймақтарда тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің бастамасымен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде Шарбұлақ ауылы жеңімпаз болып танылып, тұрғындардың өтінішіне сәйкес осы спорт кешенін салуға қаражат бөлінді. Ашылып отырған спорт кешенінде спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа нысан Қазығұрт ауданының спорттық әлеуетін жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Сонымен қатар жаңадан бой көтерген ғимараттар өңірдің экономикалық тұрғыдан дамып отырғанының айғағы, – деді Нұралхан Көшеров.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев та құттықтау сөз сөйлеп, жаңа кешенде бұқаралық спорт дамитынына сенім білдірді. Сонымен бірге Сәкен Бибосынов,  Қайрат Ералиев,  Шынболат Райханов сынды әлем чемпиондары да жаңа спорт нысанына оң бағаларын берді.

Облыс әкімі мен ауыл ақсақалдары, қонақтар спорт кешенін ресми түрде ашқан соң нысанның ішін аралап, жаттығу залдарының жабдықталуымен танысты. Әкім жас спортшылармен кездесіп, оларға сәттілік тілеп, бұқаралық спортты дамыту өңір үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Спорт кешенінің құрылысын «VERTEX BUILD» ЖШС жүргізген. Жобаға 500 млн теңгеден астам қаржы қаралған. Спорт кешенінің жалпы аумағы – 2,83 гектар, ғимараттың ауданы – 1720 шаршы метрді құрайды. Нысанның ішкі бөлігінде күрес, бокс, заманауи тренажер залдары және жабық футбол манежі орналасқан. Ал сыртқы аумағында баскетбол, волейбол, футбол, жеңіл атлетика алаңдары, «street workout» (көше жаттығулары) құрылғылары мен балалар ойын алаңшалары орнатылған.

 

Қазіргі таңда спорт кешенінде бокс, еркін күрес және футбол спорт секциялары жұмыс істеп, 300-ге жуық жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысуда. Нысанның ашылуымен 10 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 112 спорт нысанының құрылысы қолға алынған. Оның ішінде 102 спорт нысаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал 10 нысанның құрылысы 2026 жылы аяқталады.

Сонымен қатар, өңірде  әлеуметтік ахуалды жақсарту бағытында да айрықша жұмыстар атқарылып келеді. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан жақсаруы басты назарда. Соның тағы бір айғағы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, ел игілігіне берілді.

Медициналық мекеменің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. Облыс басшысы халықтың денсаулығын жақсарту – басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында жаңа медициналық мекемелер бой көтеріп жатқанын айтты. Сондай-ақ шалғай ауылдарға дейін сапалы қызметтің қолжетімділігін артыру мәселесі назарда болатынын жеткізді.

– Құрметті сарыағаштықтар!  Сіздерді жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Биыл өздеріңізбен кездесу барысында Нұрлы жол ауылында медициналық нысан салу мәселесін көтерген болатынсыздар.  Мінеки, ол шешімін тауып отыр. Алдағы уақытта да ауылдардың әлеуметтік ахуалы мен инфрақұрылымын жақсарту жұмысы жалғасады,  – деді Нұралхан Көшеров.

Нұрлы жол елді мекенінің ауыл биі Әділхан Андасов ауыл тұрғындары атынан алғысын айтып, көпшілікті құттықтады.

Сарыағаш ауданындағы 0,10 гектар аумақта орналасқан жаңа медициналық нысанның құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталған. Жаңа нысан заманауи талаптарға сай салынып, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Дәрігерлік амбулаторияда жергілікті халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге барлық жағдай қарастырылған. Нысан бір мезетте 25 адамды қабылдай алады.

Бұл – елді мекен тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру бағытындағы нақты қадам.

Айта кетейік, Түркістан облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар медициналық нысан салынуда. Биылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 34 жаңа ғимараттың мәселесі шешіледі. Одан бөлек, 3 аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Ал медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі 84,7 пайызға жетті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Алдыңғы жаңалық

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МАҚСАТ

Келесі жаңалық

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада екінші орында тұр.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі