Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада екінші орында тұр.

21 декабря, 2025
in Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада екінші орында тұр.
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының экономикалық ахуалын жақсарту, өңірге инвестиция тарту, отандық өндірісті дамыту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін осы мақсатта  Түркістан облысы Түлкібас ауданында өңірдің экономикалық дамуын индустриялық әлеуетін арттыруға бағытталған ірі өндірістік жоба – «Састөбе»  инновациялық кешені» ЖШС-нің әк шығаратын зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Маңызды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, зауыттың іске қосылуымен құттықтап, жаңа өндіріс орны өңір экономикасының дамуына серпін беретінін атап өтті.

– Алдымен баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке қарсаңында «Састөбе» инновациялық кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа әк зауыты ашылуда. Бұл бастама өңірдің экономикалық дамуына зор үлес қосады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында экономиканы әртараптандыру, өндіріс орындарын ашу бағыттарына айрықша тоқталды. Ел экономикасының негізгі басымдығы шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс. Түркістан облысында осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз өндіріс орындарын ашуға, терең өңдеу саласына басымдық бердік. Сонымен қатар, өңірдің Әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша назар аудардық. Сол бағытта бар күшімізді салып, жұмыс атқарып келеміз. Өңірдің экономикасының дамуында оң көрсеткіштер бар. Бұл бағыттағы жүмыстарымызды бұдан әрмен қарай да жалғастыратын боламыз.

Сол жұмыстар нәтижесінде облысымыз халықаралық талапқа сай заманауи зауытпен толығып отыр. Осыдан бірнеше ай бұрын сіздермен ірі кешеннің құрылысының басталуына куә болып едік. Міне, аз ғана уақыт ішінде зауыт құрылысының алғашқы кезеңі аяқталып, әк шығару зауыты өндірісін бастағалы отыр. Бұл Түркістан облысы ғана емес, тұтас еліміз үшін маңызды оқиға. Жалпы құны 180 млрд теңге болатын жоба арқылы ауданның ғана емес, облыстың өндіріс көлемі артады. Жалпы, мыңға жуық жұмыс орны ашылса, бүгінгі әк зауытының өзінде жүзге жуық жерлесіміз жұмысқа орналасуда. Осы ретте маңызды жобаны жүзеге асырған инвесторға, жауапты азаматтарға алғысымды білдіремін!  Зауыт ұжымына сәттілік, денсаулық және берекелі табыс тілеймін! Жаңа зауыттар ашылып, облысымыз дами берсін! – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

«Sinoma-TCDRI» компаниясының жоба басшысы Жу Сианг Го мен «Саутс-Ойл»  компаниясының президенті Серікжан Сейітжанов та құттықтау сөз сөйлеп, бұл өндіріс орны елімізді отандық өніммен толық қамтитынын жеткізді.

Жалпы құны 180 млрд. теңге болатын жобаның құрылысы 2026-2027 жылдары аяқталады деп жоспарланған. Биыл 32 млрд теңге инвестициялық қаржыға әк өндірістік кешені іске қосылды.

«Састөбе инновациялық кешені» ЖШС-нің негізгі мақсаты – әк, каустикалық сода, кальций карбиді, ПВХ және цемент өндірісін жолға қою. Зауыт толық қуатына шыққанда жылына 400 мың тонна әк, 100 мың тонна каустикалық сода, 120 мың тонна ПВХ, 200 мың тонна кальций карбиді және 1 млн тонна цемент өндірмек.

Кәсіпорынның іске қосылуы өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге де оң ықпал етеді. Жоба аясында жалпы мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады, оның ішінде биыл 100 жаңа жұмыс орны ашылды.

Салтанатты рәсімде облыс әкімі зауыт аумағын аралап, өндірістік үдерістермен, заманауи технологиялармен және еңбек жағдайымен танысты. Өндірістің экологиялық талаптарға сай жүргізілуі мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысында инвестиция тарту мен өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасады.

Айта кетейік, Түркістан облысында биылғы 10 айдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. Алдын ала есеп бойынша 10 айда өндірілген жалпы өнім көлемі 4 387,8 млрд. теңгеге жетіп, қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады. Осы көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада екінші орында тұр.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады. Оның айтуынша, өнеркәсіп өнім көлемі 1 256,8 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 113,4%-ды құраса, өңдеу өнеркәсібінде 593,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 111,2% деңгейінде қалыптасып, жоспарға қол жеткізілген.

Республика бойынша көпбалалы отбасылардың төрттен бірі Түркістан облысында тұрады. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарды. Кедейлік деңгейі 4,4 пайызға төмендеді. Биылғы 10 айда 122 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш – өңір экономикасының тұрақты даму қарқынын дәлелдейді.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүруде.

Келесі жаңалық

МАҚТААРАЛ: Өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі