Түркістан облысы Мақтаарал аудандық орталық кітапханасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу шараларына арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Шараны аудандық кітапхана басшысының орынбасары Жанат Сапарқызы жүргізіп, өрттің алдын алу ережелері, қауіпсіздік талаптары және эвакуация тәртібі туралы баяндама жасады. Оқырмандар мен қызметкерлер көп шоғырланатын орын болғандықтан, кітапханаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың ерекше маңыздылығы айтылды. Жанат Сапарқызы электр құралдарын дұрыс пайдалану, өрт сөндіру жабдықтарының қолжетімділігі, эвакуациялық жолдардың ашық болуы сияқты негізгі талаптарды нақты түсіндірді. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері өздерінің жұмыс барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, қауіптің алдын алуға қатысты ұсыныстарын айтты. Тәжірибе алмасу барысында қызметкерлер тарапынан электр сымдарының жүктемесін бақылау, артық құрылғыларды ажырату, ғимарат ішіндегі қауіпсіздік тәртібін нығайту секілді ойлар ортаға салынды. Бұл түсіндірме жұмысы кітапхана ұжымының қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, жауапкершілікті күшейтуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тиімді шара болды.

Сонымен қатар, ауданда жылыту маусымы кезіндегі сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мәселен, Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, қызметкерлері және Мақтаарал ауданының Әкімішілігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, “Qazaq Gaz Aimaq”АҚ мекемесі, Жастар ресурстар орталығы қызметкерлері, “Санұр “телеарнасы, және “Оңтүстік Жарық Транзит,электр энергиясы және тарату “орталығы,қызметкерлерімен бірлесе отырып тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау,орнатылған жылыту пештерін пайдалану кезінде ӨҚЕ сақтау және улы газдан уланудың алдын алу сондайақ тұрғын үйлердегі электр қондырғыларын және электр желілерін пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді жаднамалар таратылды. «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін сақтау» атты кездесу ұйымдастырды. Мақтаарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Мақтаарал ауылдық округінің әкімі, Оңтүстік Жарық Транзит электр энергиясы тарату орталығы қызметкері және «Жастар ресурстар орталығы» КММ-мен бірлесіп Мақтарал ауыл округінің халқымен “Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі сақтау” және Улы газбен уланудың алдын алу тақырыптарында жиын өткізілді. Жиынға 400 ге жуық адам қатысты. Арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп жаднамалар таратылды.
Сондай-ақ, қауіпсіздік ережелерін сақтау мен түсіндіру жұмыстары аясында «ӨРТ — ТІЛСІЗ ЖАУ» атты кездесу ұйымдастырылды. Мақтаарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Мақтаарал ауылдық округінің әкімі, Оңтүстік Жарық Транзит электр энергиясы тарату орталығы қызметкері және Жастар ресурстар орталығымен бірлесе халық тұрғындарына өрт қауіпсіздігі және улы газбен уланудың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді және бейнетаспалар көрсетілді және жаднамалар таратылды.Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері “Өзіңнен баста” челленджін қолдау мақсатында газосигнализатор құрылғысының 3 түрін видеоролик арқылы түсіндіріп, сонымен қатар, қалай қолдану керектігін және орнатылуы бойынша әзірленген роликті әрмен қарай аудандық Білім бөліміне жолданды. «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы»

Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері және Аудандық әкімшілік қызметкерлері ,Газ инспекция қызметкерлері, “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлерімен бірлесе “Өрт қауіпсіздігін қамтасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, аудан аумағындағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізілді. Соңғы уақытта тұрмыстық өрт оқиғалары жиілеп кетті. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін еске салады.
Тыйым салынады:
— Балалардың тоқ көзімен, отпен ойнауына;
— Электр құралдарын (үтік, шәйнек, зарядтағыш) қосулы қалдыруға;
— Газ плитасын қараусыз қалдыруға;
— Ескі, зақымданған сымдар мен ұзартқыштарды қолдануға;
— Электр ақауы бар техникаларды пайдалануға;
— Үй ішінде немесе балконда темекі шегуге, тұқылын лақтыруға;
Өрт қауіпсіздігі үшін:
— Электр сымдарын мамандарға тексертіңіз;
— Өрт дабылдарын орнатыңыз;
— Төтенше жағдайда шығатын есік, терезелерді ашық ұстаңыз.
Есіңізде болсын:
Өрт кезінде — 101
Құтқару қызметі – 112
Қауіпсіздік — әр отбасының амандығы мен тыныштығының кепілі. Қыс мезгілі таяған сайын пеш жағу, газ құралдарын пайдалану және мұршалардың жағдайына мән беру аса маңызды бола түседі. Апат айтып келмейді! Бір сәттік салғырттық үлкен қайғыға әкеп соқтыруы мүмкін.
Өрт, улы газ, түтін – адам өміріне төнетін басты қауіптердің бірі. Сол себепті Сіздерден қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
✅ Пеш пен мұршалардың жарамдылығын тексеріңіздер;
✅ Газ құралдарын дұрыс пайдаланыңыздар;
✅ Жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыздар;
✅ Түтін шығатын мұршаларды жиі тазалап отырыңыздар;
✅ Балаларды пеш пен электр құрылғыларына жақындатпаңыздар;
✅ Үйге міндетті түрде түтін мен улы газдан қорғайтын дабылқаққыш құрылғыларын (дыбыстық ескерту дабылы) орнатыңыздар! Бұл – қауіптің алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.
Естеріңізде болсын: қауіпсіздік — өз қолымызда!
Өзіміздің де, жақындарымыздың да өміріне жауапкершілікпен қарау — азаматтық міндетіміз.
Өз үйіміздің қауіпсіздігі – өз қолымызда!
Туыстарыңызбен, көршілеріңізбен бөлісіңіз!
Соңғы уақытта тұрмыстық өрт оқиғалары жиілеп кетті. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін еске салады.


