Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Мәжіліс барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбеков инвестиция тарту жұмыстары жөнінде баяндама жасап, ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы кеңінен мәлімет берді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев пәтер қарыздарын өндіру және квартиранттарды шығару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ Киелітас және Бірінші Мамыр ауылдық округтерінде өндірістік парктерді құру мәселесі қаралды. Бұл бағытта Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Бақытбек Маусунбеков пен Киелітас ауылдық округінің әкімі Баймырза Адамбек баяндама жасап, өндірістік парктердің маңыздылығы, оларды іске асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелер жөнінде ақпарат ұсынды. Сонымен қатар Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Марлен Тоқсейіт күзгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы туралы хабарлама жасады. Мәжіліс барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, инвестиция тарту, өндірістік парктерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу және қорғаныс істері бойынша міндеттердің сапалы орындалуы ауданның тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен салалар бойынша атқарылған жұмыстар талқыланып, жыл соңына дейінгі міндеттер айқындалды. Алдымен құрылыс саласына қатысты бөлінген қаржының игерілу барысы қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев баяндама жасап, нысандардың қазіргі жағдайы, қаржының игерілу деңгейі мен мерзімдердің сақталуы жөнінде хабарлады. Бұдан кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев өз саласындағы қаржының игерілу барысы туралы баяндады. Қоғамдық маңызы жоғары салалардағы жұмыстардың сапалы әрі уақытылы атқарылуы қадағаланатыны айтылды. Мәжіліс барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков өндірістік парктерді құру мәселесін көтеріп, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ аудандық экономика бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов 89 индикаторлық көрсеткіштің орындалу барысына тоқталды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспардың орындалу деңгейін атап өтіп, бірқатар бағыттардағы өзекті мәселелер мен жыл соңына дейін межелерді толық орындау үшін атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе — күзгі әскерге шақыру науқанының жүзеге асырылуы. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев баяндама жасады. Әскерге шақыру науқанының уақтылы әрі талапқа сай ұйымдастырылуы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі екені атап өтілді. Сонымен қатар науқанның барлық кезеңдері заңнамалық талаптарға сәйкес қатаң бақылауда болатыны және оның орындалуына тұрақты мониторинг жүргізілетіні жеткізілді.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы қаралған мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар беріп, көрсеткіштердің толық әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ барлық сала басшыларына жыл соңына дейін жұмысты жандандыруды тапсырды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы халқымыздың тамыры – ауылда екенін ерекше атап өтті. Облыс халқының 75 пайызы ауылдық жерлерде қоныстанған. Сондықтан өңірімізде экономикалық ахуалды дамытып, ауылды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыста жалпы 2,1 млн тұрғын немесе 98,5%-ы ауыз сумен қамтылған (763 елді мекен). Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 11 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Ауыз суды кестемен ішетін 192 елді мекеннің мәселесін алдағы 3 жылда толық шешу жоспарланған. Табиғи газбен 1 млн 834 мың адам (563 елді мекен) қамтылып, жалпы қамту деңгейі 85,5%-ды құрады. Биыл қосымша 37 елді мекенге газ құбыры тартылуда. Нәтижесінде газбен қамтылған халықтың жалпы саны 1 млн 900 мыңға немесе 88,9%-ға жетпек (600 елді мекен). 2 жылда 66 елді мекеннің электр жүйелері жаңғыртылып, сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Биыл облыста 289 нысанға немесе 1 236 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 951,4 шақырым пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесі 94,7%-ға жеткізіледі.


