Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

ТӨЛЕБИДЕ ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

22 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Шытырман, Қоғам
0
ТӨЛЕБИДЕ ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Төлеби ауданында өрт қауіпсіздігін және газдан уланудың алдын алу мақсатында маңызды шаралар қарқынды қолға алынды. Аудан әкімдігі 429 дана газ дабылқақыш сатып алып, оны тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру үшін орнату жоспарын бекітті. Газ дабылқақыштары мемлекеттік қызметшілер, қала және ауылдық округ әкімдері, білім бөлімі, дербес бөлімдер және аудандағы мекемелердің қызметкерлері жеке қаражаты есебінен сатып алынған. Құрылғылар арнайы назарда тұрған, аз қамтылған, көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлеріне  орнатылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер ӨзіңненБаста челленджін қолдауды жалғастырып, газосигнализаторды өз үйлеріне орнатуды жалғастыруда. Қауіпсіздікті өз үйінен бастау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін ұмытпайық. Бұл іс-шара аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болып табылады. Газ дабылқақыштарының орнатылуы өрт пен газ апаттарының алдын алуға қосымша кепілдік беріп, тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға үлес қосады.

Сонымен қатар, Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудандық газ инспекция бөлімімен бірлесіп аудан аумағындағы қатты отынды пайдаланатын тұрғын үйлерге барып пештегі өрт қауіпсіздік ережелерін және де улы газдың алдын алу датчиктерин орнатып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік Түркістан облысында жылыту маусымы талапқа сай өтіп жатыр. Түркістан облысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қалыпты өтуі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында. Апта басында өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды тағы бір рет саралап, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, қазіргі таңда өңірде көмір қоры жеткілікті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер толығымен жылумен қамтылған. Қазіргі таңда облыстағы барлық қазандықтар температуралық кестеге сай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жылу беру процесі тұрақты түрде қамтамасыз етілген. Облыс бойынша көмір отынына қажеттілік 580,4 мың тоннаны құрайды, оның 515,6 мың тоннасы немесе 88 пайызы жеткізілген. Бюджеттік мекемелер 100 пайыз, жеке тұрғындар 95 пайыз қамтамасыз етілген. Жылыжайлардың қамтылуы 80 пайыз деңгейінде. Аудан және қалалардағы теміржол тұйықтарында 65 мың тонна көмір қоры жинақталған. Жылыжайлардың нақты қамтылуы 213,4 мың тонна болып отыр.  Облыста газбен жабдықталған елді мекендердегі 333 753 абоненттің 323 634-і газға қосылған. Ал 1 886 абонент түрлі себептермен қосылмаған, 8 233 абонент – бос учаскелер немесе құжаттары жоқ тұтынушылар. Бұл мәселе бойынша арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыстар Арыс және Кентау қалаларында күшейтілген. Аудан, қала әкімдіктері «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалымен бірлесе отырып, газға қосылмаған тұтынушыларды толық қамту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төлеби ауданында  «Газ инспекциясы» мекемелері улы газдан уланудың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Облыс бойынша бекітілген жоспарға сәйкес 300 мыңнан аса нысан араланып, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Оның ішінде 1 005 білім беру ұйымы, 594 денсаулық сақтау нысаны, 76 спорт нысаны, 265 мәдениет мекемесі, 23 жұмыспен қамту орталығы, 29 589 кәсіпкерлік нысан, 99 қонақ үй мен жатақхана, 205 монша, 271 886 жеке тұрғын үй және 1640 көпқабатты үй тексерілген.

Сонымен қатар, ауданда қар тазалау жұмыстарыда қарқынды жүргізілуде.  Төлеби ауданы аумағында аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің негізгі көшелерін қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданның коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Аудандық маңызы бар жолдарды тазалау жұмыстарына «Жарық жол» мекемесінен 2 КамАЗ автокөлігі, 3 МТЗ тракторы, 1 «Газель» автокөлігі және 10 жұмысшы жұмылдырылған. Ал облыстық маңызы бар жолдарда «Оңтүстік жолдары» мекемесі тарапынан 1 КамАЗ (шанағымен), 2 МТЗ тракторы, 1 «Газель» автокөлігі және 9 жұмысшы еңбек етуде. Сонымен қатар, «Бірлік» мекемесінен 1 КамАЗ, 1 «Нива» автокөлігі және 7 жұмысшы тартылған. Қар тазалау барысында ең алдымен көлік қозғалысы қарқынды негізгі көшелерге, қоғамдық көлік бағыттарына және әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарға басымдық берілуде. Одан кейін аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Көктайғақтың алдын алу мақсатында жол жабындарына құм-тұз қоспасы себілуде. Төлеби ауданы әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, ауа райының қолайсыз жағдайында барынша сақ болуға және алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Алдыңғы жаңалық

ТӨЛЕБИ: МӘЖІЛІСТЕ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ҚЫСҚЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі