Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

ТҮРКІСТАНДА ҚЫСҚЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ

22 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАНДА ҚЫСҚЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқы кезеңге даярлық аясында коммуналдық ұйымдардың жұмыс базаларын аралап, техникалардың жарақтандырылуы мен қолжетімділігін тексерді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның жұмыстарын пысықтады.  Шаһар басшысы қала аумағында қар тазалау, көктайғақтың алдын алу және жедел әрекет ету шараларының нақты жоспарын пысықтап, төтенше жағдай барысында жауапты мекемелердің дайындығын күшейтуді тапсырды. Айта кетейік, қазіргі таңда қала жолдарының жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның ішінде 125,61 шақырымы – бірінші кезекте қардан тазаланатын және инертті материалдар себілетін орталық учаскелер. Биылғы жылы асфальт жолдардың көлемі 66,7 пайызға дейін  артқан. Қысқы маусымға дайындық мақсатында «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС, «Жасыл ел» ЖШС, «Түркістан Су» МКК және «SK Geokard» ЖШС мекемелері 12 КДМ және 18 тракторды әзірлеген. Бұдан бөлек, инфрақұрылым, құрылыс және жол бөлімдері, «Жасыл Түркістан» КММ және «Жол қызметі» мекемелері тарапынан 10 жүк тиегіш пен 22 КамАЗ техникасы дайын тұр. Қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстарына жалпы 52 арнайы техника мен 550 жұмысшы жұмылдырылмақ. Қажетті материалдар қоры да жеткілікті, инертті материалдардың 310 тонна құмы және 500 тонна тұзы сақадай сай. Магистральды көшелерді қардан тазалау үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар 31 қосымша көше, 5 саябақ, Әкімшілік-іскерлік орталық аумағы, Рухани-мәдени орталық және Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтар белгіленген кезекпен тазартылады.

СОНЫМЕН ҚАТАР, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ГАЗ ИНСПЕКЦИЯСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

2025-2026 жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бағытында Түркістан қалалық газ инспекциясы кең көлемді профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда қаланың әлеуметтік осал топтағы тұрғындарының үйін аралау жұмыстары толық аяқталып, 2405 үй 100 пайыз тексеруден өтті. Аралау барысында мамандар газ және жылыту қондырғыларын пайдалану ережелерін, тұрмыстық қауіпсіздік талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен тұрғын үйлерге газ сигнализаторларын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай, Түркістан қалалық газ инспекциясы барлық тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, әсіресе балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Жалпы, Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жұмыстар қарқынды атқарылуда.  Бүгінде Бірлік секторының инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Ауыз су, кәріз, электр және газ жүйелерін жетілдіруге арналған жұмыстар жоспарға сай орындалуда. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан жұмыстар атқарылып келеді.

Атап айтқанда, кәріз жүйесі бойынша Бірлік секторы аумағында үш жоба жүзеге асуда. Қазіргі таңда ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын 17 көшеде кәріз желісі тартылды. Жыл соңына дейін ұзындығы 1,5 шақырым болатын 5 көшеге абоненттік кәріз желісін жүргізу көзделген. Электрмен қамту бағытында биыл 26,2 шақырымды қамтитын 21 көшеге 750 дана электр бағанасы орнатылды. Жалпы жоба аясында 60,3 шақырым электр желісі тартылып, 14 жаңа трансформатор орнату жоспарланған.  Сонымен қатар, 2026 жылға дейін ұзындығы 12,68 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Ал биыл Наурызым көшесінде ұзындығы 2,6 шақырым болатын жол жөндеу жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталмақ. Сондай-ақ, Бірлік секторындағы 179 көшенің 96 пайызы жарықтандырылған. Сондай-ақ биыл 4 жаңа аялдама орнатылды. Абаттандыру бағытында сектор аумағында 12 ойын алаңы бар. Биыл тұрғындардың сұранысына сәйкес 2 жаңа спорт және ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Сығанақ көшесіндегі заманауи ойын алаңы мен Айналма тас жолындағы абаттандыру нысандары толық аяқталып, тұрғындардың игілігіне ұсынылды. Қоғамдық қауіпсіздік мақсатында 42 бейнебақылау камерасы және 4 нөмірлік тану камерасы орнатылуда. Бұл жүйелер облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады. Кездесу соңында Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, қала әкімінің халықпен көшпелі кездесулері 13 қараша күні сағат 15:00-де Яссы секторының тұрғындарымен өтеді. Кездесу Хамза атындағы жалпы орта мектепте ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда облыстағы барлық қазандықтар температуралық кестеге сай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жылу беру процесі тұрақты түрде қамтамасыз етілген. Облыс бойынша көмір отынына қажеттілік 580,4 мың тоннаны құрайды, оның 515,6 мың тоннасы немесе 88 пайызы жеткізілген. Бюджеттік мекемелер 100 пайыз, жеке тұрғындар 95 пайыз қамтамасыз етілген. Жылыжайлардың қамтылуы 80 пайыз деңгейінде. Аудан және қалалардағы теміржол тұйықтарында 65 мың тонна көмір қоры жинақталған. Жылыжайлардың нақты қамтылуы 213,4 мың тонна болып отыр.  Облыста газбен жабдықталған елді мекендердегі 333 753 абоненттің 323 634-і газға қосылған. Ал 1 886 абонент түрлі себептермен қосылмаған, 8 233 абонент – бос учаскелер немесе құжаттары жоқ тұтынушылар. Бұл мәселе бойынша арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыстар Арыс және Кентау қалаларында күшейтілген. Аудан, қала әкімдіктері «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалымен бірлесе отырып, газға қосылмаған тұтынушыларды толық қамту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Газ инспекциясы» мекемелері улы газдан уланудың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Облыс бойынша бекітілген жоспарға сәйкес 300 мыңнан аса нысан араланып, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Оның ішінде 1 005 білім беру ұйымы, 594 денсаулық сақтау нысаны, 76 спорт нысаны, 265 мәдениет мекемесі, 23 жұмыспен қамту орталығы, 29 589 кәсіпкерлік нысан, 99 қонақ үй мен жатақхана, 205 монша, 271 886 жеке тұрғын үй және 1640 көпқабатты үй тексерілген.

Алдыңғы жаңалық

ТӨЛЕБИДЕ ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Келесі жаңалық

БАЙДІБЕК: АУДАНДА СУ АРНАЛАРЫН ТАЗАЛАУ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі