Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

БАЙДІБЕК: АУДАНДА СУ АРНАЛАРЫН ТАЗАЛАУ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

22 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Шытырман
0
БАЙДІБЕК: АУДАНДА СУ АРНАЛАРЫН ТАЗАЛАУ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президентінің ауыл аумақтарын дамыту және су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бәйдібек ауданында төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында  2025 жылы жалпы ұзындығы 40,4 шақырымды құрайтын каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күнге дейін: «Бекбау» каналы – 9,5 км және «Қарақожа» каналы – 3,5 км толық тазартылды. Алдағы кезеңде төтенше оқыс және оқиға болмау мақсатында механикалық тазалау жұмыстары келесі су арналары бойынша жалғасады:

Жамбыл ауылдық округі бойынша «Шыбыт» – 1,5 км және «Ақбастау» – 3,0 км мен «Қызылсай» – 1,2 км. Боралдай ауылдық округі бойынша: «Қаратас» – 5,0 км және «Жоғары Боралдай» – 8,7 км, «Көктерек» – 8,0 км.

Бәйдібек ауданының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында суару инфрақұрылымын жақсартып, ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жұмыстарды жүйелі жалғастыра береді.

Сонымен қатар, Бәйдібек ауданы әкімдігі алда келе жатқан жаңа жыл мерекесін өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Осыған орай, Бәйдібек ауданы ТЖБ тарапынан Бәйдібек ауданы Білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы IT мектебі оқушылары мен қызметкерлеріне жаңа жыл мерекесін өткізу кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Шыршаны орнату кезіндегі қауіпсіздік талаптары, пиротехникалық бұйымдарды қолданбау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағындағы  газ құю бекеттерін аралап,тұрғындармен жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында  автокөліктерге газ құю кезінде міндетті қауіпсіздік ережелерін сақтау, өрттің алдын алу қажеттігі түсіндіріліп ,тұрмыстық газ баллондарға газ құюға қатаң тыйым салынатыны атап өтілді.Сонымен қатар,аталған талаптарды бұзған жағдайда заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағында орналасқан адам көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздіні жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Осы шара аясында ТЖМ-нің ресми парақшаларына өтуге арналған QR-коды бар ақпараттық флайерлер дайындалып, адамдар көп шоғырланатын нысандарға, соның ішінде сауда орындарына, тамақтану орындарына, дәріханаларға және халық көп жиналатын басқа да қоғамдық орындарға орналастырылды. ҚР ТЖМ және ІІМ бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Бәйдібек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық Полиция бөлімімен бірлесіп аудан көшелерінде автокөлік жүргізушілеріне «Газбаллон акциясы» қарсаңында рейд жүргізілді. Рейд барысында алғашқы өрт сөндіру құралы, газ құрылғылары тексеріліп кемшілік анықталған бір қатар жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі туралы жүргізушілерге кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізіліп арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды. Осы аталған рейд алдағы уақытта да жалғасын табады.

Аталған жұмыс тұрғындардың төтенше жағдайлар туралы жедел және сенімді ақпарат алуына, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін арттыруға бағытталған. Осыған дейін де, Бәйдібек аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері

  1. Пешті пайдалану кезінде:
  • Пешті пайдаланар алдында оның түтін шығару арналары мен мұржаларын мұқият тексеріп, тазалау қажет.
  • Пештің түтін шығару тесіктері жақсы тартуы керек, бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
  • Пешті жағу кезінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин, спирт т.б.) қолдануға тыйым салынады.
  • Пештің есігі жабық болуы тиіс, алдына өртке төзімді қалқанша (металл табақ) орнату қажет.
  • Пешті және басқа жылыту құрылғыларын балаларға қараусыз қалдыруға болмайды.
  • Пешті түнде және үйден шығар алдында жағуға болмайды.
  1. Электр жылытқыштарды пайдалану кезінде:
  • Электр жылытқыштар зауытта жасалған, сертификатталған болуы керек.
  • Электр сымдары зақымданбаған, штепсельдері мен розеткалары дұрыс жұмыс істеуі қажет.
  • Электр жылытқышты жанғыш материалдар мен жиһаздарға тым жақын қоюға болмайды (кемінде 1 метр қашықтықта).
  • Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қосуға болмайды.
  • Құрылғыны қосулы күйде қалдырмаңыз, ұйықтар немесе үйден шығар алдында міндетті түрде өшіру керек.
  1. Газбен жылыту кезінде:
  • Газ құрылғыларының герметикалығын және тартуын үнемі тексеріңіз.
  • Газдың иісі білінсе, жарық пен электр құралдарын қоспай, дереу газ қызметіне хабарласыңыз.
  • Газ плитасын немесе жылытқышты ашық күйде қалдыруға болмайды.
  1. Жалпы қауіпсіздік шаралары:
  • Әр үйде өрт сөндіргіш құрал (өртсөндіргіш) және құм не су құйылған шелек болуы тиіс.
  • Балаларға отпен ойнауға, сіріңке немесе шам жақпауға үйретіңіз.
  • Қатты жел, аяз немесе электр желісіндегі ақаулар кезінде пеш пен жылытқыштарға ерекше назар аударыңыз.
  • Өрт шыққан жағдайда бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

Өрт қауіпсіздік талаптарын сақтап жүріңіздер

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ҚЫСҚЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ

Келесі жаңалық

БӘЙДІБЕК: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БАҒЫТЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі