Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты. Күн тәртібінде:
- 2025 жылға 10 айдың күтімімен негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы.
- Мансап орталығының атқарған жұмыстары
- Аусыл ауруына қарсы күрес жүмыстары және қаңғыбас ит-мысықтарды аулау
- Аудандағы күзгі көшет отырғызу жұмыстары бойынша қаралды.

Жиын барысында Бақыт Қырғызалиев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар беріп, жауапты тұлғаларға нақты мерзім белгіленді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайтын тиісті шешімдер қабылдады. Ауданның экономикасын көтеру бағытында оң көрсеткіштерге қол жеткізетін жұмыстар барысын саралады. Мәжіліс соңында Бақыт Қырғызалиев берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын басты назарда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, жиында ауданның өзгеде сала жұмыстарды пысықталды. Нақтырақ айтқанда, мердігер мекемелердің басшыларымен кездесу өткізіп, ауданда атқарылып жатқан және алда жүзеге асырылатын инфрақұрылым жобаларының сапалы әрі уақытылы орындалуы тапсырылды. Кездесуде әлеуметтік-экономикалық даму бағытында және инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жобалардың барысы қаралды.
Негізгі бағыттар
- Электрмен қамтамасыз ету:
Шыбыт, Жамбыл, Таскүдік
Алғабас, Ағыбет, Жұлдыз
Кенестөбе, Бірлік, Бейбітшілік
Бестоғай, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Мынбұлақ ауылдары
- Ауыз су жүйелерін жаңғырту:
Боралдай, Ағыбет, Жамбыл, Түйетас елді мекендері
- Газбен қамтамасыз ету:
Кенестөбе, Бәйдібек ата, Жарықбас
Ақтас, Кеңсай, Қошқарата елді мекендері
- Спорт нысандары:
Шақпақ ауылындағы спортзал құрылысы
Бақыт Қырғызалиев барлық нысандар бойынша жұмыстардың тиісті мерзімде аяқталуын, жауаптыларға сапаның басты назарда болуын ескертті.
Басталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатыны айтылды. Жобалар сәтті жүзеге асып, аяқталса, экономикалық тұрғыдан дамуға оң серпін берілетіні сөз болды.
Бүгінде Түркістан облысы экономикалық тұрғыдан дамып, әлеуметтік ахуалы жақсарып келеді. Нәтижесінде бірқатар нысандар қолға алынып, жобалар құрылысы жүргізілуде. Соның бір айғағы, Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Ақбастау елді мекенінде жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев қатысып, ауыл тұрғындарын замануи спорт нысанының ашылуымен құттықтады. ҚР Президентінің салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ауданда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Нысанның құрылысын «Trendim KZ» ЖШС 2024 жылдың тамыз айында бастаған. 1 гектар аумақта орналасқан ғимараттың ауданы 939 шаршы метр. Мұнда воллейбол, баскетбол, кіші футбол, күрес, дзюдомен айналысуға барлық жағдай қарастылған. Бұл кешен ауыл жастарының бас қосып, кәсіби спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгінде Бәйдібек ауданында 238 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 су спорт кешені, 1 жабық теннис корты, 3 спорттық манеж, 53 спорт залы және 177 спорт алаңы бар. Аудан спортшылары биыл түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңір намысын абыроймен қорғап келеді. Атап айтқанда, спортшылар тоғызқұмалақ, волейбол және еркін күрес түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы халқымыздың тамыры – ауылда екенін ерекше атап өтті. Облыс халқының 75 пайызы ауылдық жерлерде қоныстанған. Сондықтан өңірімізде экономикалық ахуалды дамытып, ауылды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыста жалпы 2,1 млн тұрғын немесе 98,5%-ы ауыз сумен қамтылған (763 елді мекен). Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 11 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Ауыз суды кестемен ішетін 192 елді мекеннің мәселесін алдағы 3 жылда толық шешу жоспарланған. Табиғи газбен 1 млн 834 мың адам (563 елді мекен) қамтылып, жалпы қамту деңгейі 85,5%-ды құрады. Биыл қосымша 37 елді мекенге газ құбыры тартылуда. Нәтижесінде газбен қамтылған халықтың жалпы саны 1 млн 900 мыңға немесе 88,9%-ға жетпек (600 елді мекен). 2 жылда 66 елді мекеннің электр жүйелері жаңғыртылып, сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Биыл облыста 289 нысанға немесе 1 236 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 951,4 шақырым пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесі 94,7%-ға жеткізіледі.


