Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкер палатасымен бірлесіп қауіпсіздік жұмыстарын жүргізді. Нақтырақ айтқанда сауда орындары мен ойын сауық мекемелері иелерімен дөңгелек үстел өткізіліп төтенше жағдайдың алдын алу мен өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша, заңсыз пиротехникалық бұйымдарды сатпау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде, қауіпсіздік шаралары кеңінен түсіндірліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар қауіпсіздік шараларына қатысты, содай-ақ өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында жасалатын профилактикалық жұмыстар барысымен бөлісті. Пікір алмасып, кәсіпкерлерге насихат парақшалары таратылды.
Айта кетейік, Бәйдібек ауданында шалғай орналасқан ауыл округтерде ауқымды түрде өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді. Шалғай орналасқан ауылдарды өрт қауіпсіздігі талаптары жиі сақталмауына байланысты, жауаптылар бұл бағыттағы іс-шараларды басты назарда ұстауда.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осыған дейін барлық аудан, қаланың жауапты басшыларына, аудан, қала әкімдеріне құзырлы органдармен бірлесіп, өрттің алдын алу, қауіпсіздікті күшейту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырған болатын. Алдағы уақытта Өңірдегі әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, қонақүйлер мен хостелдер қайтадан тексеріліп, өртке және улы газға қатысты қауіпсіздігі нығайтылатынын айтқан. Көбіне жазатайым оқиғалар тұрғын үйдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан болып жатыр. Сондықтан тұрғындар арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, өңір басшысы Облыс аумағындағы заңсыз салынған және салынып жатқан құрылыс нысандарын анықтау бойынша арнайы жұмысшы тобын құрып, тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырды. Құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың тиісті құжаттарына және өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы талдау жүргізіп, нәтижесімен нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтқан. Облыс аумағында жаңадан құрылған газ инспекцияларының жұмысын жандандырып, барлық тұрғын үйлердің қауіпсіздігін 1 ай мерзім ішінде тексеруді тапсырған. Содан бері, облыс көлемінде Тұрғын үйлерде, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарда газбен уланудың, өрттің алдын алу және электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану мақсатында рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында барлық нысандарға өрт дабылқаққыштарын орнату, халық арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілген.
Айта кетейік, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Асқар Төлешевтің айтуынша, өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автотранспортта және сауда орындарында тіркелген. Өрт оқиғаларының таралуына көбінесе электр құралдарын монтаждау және пайдалану кезінде талаптарды бұзу, пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзу себеп болады. Департамент басшысы өртке қарсы дабылқаққышты орнату қайғылы жағдайдың алдун алуға себеп болатынын, осы бағытта жұмысты жандандыру керек екенін айтты. Сонымен бірге өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін білу де маңызды. Облыс көлемінде 350 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның ішінде жеке тұрғын үй секторларының саны – 346 мың, ал көпқабатты тұрғын үйлер саны – 3 781. Қазіргі таңда профилактикалық жұмыстармен 139 мыңдай үйге рейдтік аралау жүргізілді. Жыл соңына дейін басқа да үйлерді қамту көзделіп отыр. Ең маңыздысы – мемлекеттік көмек. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды қолдау, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бюджет қаражатын бөлу және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою қызметтерін ресурстармен қамтамасыз ету керек. Бұл елімізде іске асырылып жатқан шаралардың бірі. Төтенше жағдайлардың алдын алу жүйелі және кешенді көзқарасты, сондай-ақ қоғамның барлық деңгейлерінің: мемлекеттік органдардан бастап қарапайым азаматтардың белсенді қатысуын талап етеді. Сонда ғана келер қауіптен арыла аламыз.
Жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Төмендегі ережелерді назарға алуларыңызды сұраймыз:
- Пешті пайдалану кезінде:
- Пешті пайдаланар алдында оның түтін жолдары мен мұржаларын мұқият тексеріп, тазалау қажет.
- Пештің түтін шығару арналары жақсы тартуы тиіс, бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
- Пешті жағу кезінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин, спирт т.б.) қолдануға тыйым салынады.
- Пештің есігі жабық болуы тиіс, алдына өртке төзімді қалқанша (металл табақ) қою қажет.
- Пешті және басқа жылыту құрылғыларын балаларға қараусыз қалдыруға болмайды.
- Пешті түнде және үйден шығар алдында жағып қоюға болмайды.
- Электр жылытқыштарды пайдалану кезінде:
- Электр жылытқыштар зауытта жасалған, сертификатталған болуы керек.
- Электр сымдары зақымданбаған, розеткалары дұрыс жұмыс істеуі қажет.
- Электр жылытқышты жанғыш материалдар мен жиһаздарға тым жақын қоюға болмайды.
- Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қоспаңыз.
- Құрылғыны қосулы күйінде қараусыз қалдырмаңыз, үйден шығарда немесе ұйықтар алдында міндетті түрде ажыратыңыз.


