Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БАСТЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАНЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ

22 декабря, 2025
in Жаңалықтар, Төтенше жағдай, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БАСТЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАНЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс орталығындағы басты жаңа жылдық шыршаның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.

Шыршаны безендіруде қолданылған электр гирляндаларының техникалық жай-күйі, электр сымдарының қауіпсіздігі, өртке қарсы арақашықтықтардың сақталуы және жанғыш материалдардың қолданылмауы жан-жақты қаралды. Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар кезінде адамдар көп жиналатын аумақта эвакуациялық жолдардың ашық болуы мен өрт сөндіру құралдарының қолжетімділігі тексерілді.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі ерікті бөлімшелерді техникамен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз ету жұмыстарын, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық базасын жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып нығайту ісін жалғастыруда. Бұл өңірлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін және ауыл халқының қауіпсіздігін арттырады.

Нәтижесінде Түркістан облысында бүгінде шалғай елді мекендердің өзінде өрт сөндіру пункті  құрылуда. Түркістан облысында 800-ден астам ауыл бар,  олардың әрқайсысында өз өрт сөндіру пункті ашылуда.

Естеріңізде болса, биылғы жылы Түркістан облысының Сайрам ауданында екі бірдей жаңа өрт сөндіру бекеті салтанатты түрде ашылған. Сонымен бірге Ордабасы ауданында да жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді.

Жаңа нысандар Сайрамдағы Қарамұрт және Құтарыс ауылдарында орналасқан. Ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық ТЖД бастығы, полковник Асқар Төлешев, Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев, сондай-ақ, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Бұл бекеттер «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында іске қосылған 5 жаңа нысанның қатарында. Олар өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алуға зор мүмкіндік береді.

Қарамұрт ауылындағы жаңа бекет 20 мыңға жуық тұрғыны бар Қарамұрт, Низамабад және Аққала ауылдарының тұрғындарын өрт және басқа да төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

Ал Құтарыс ауылындағы өрт сөндіру бекеті 8 мыңға жуық тұрғыны бар 6 елді мекенді қамтиды. Атап айтқанда, Құтарыс, Қызылжар, Ақарыс, Оймауыт, Жусансай және Аққойлы ауылдарының қауіпсіздігі жаңа нысанның ашылуымен едәуір нығаймақ.

Құтарыс ауылдық округінде бой көтерген нысанның жалпы ауданы – 225 шаршы метр. Құрылысы «OZEN» қоғамдық қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асқан. Жоба құны – 65 миллион теңге. Ал Қарамұрт ауылдық округіндегі нысанның ауданы – 300 шаршы метр, жеке кәсіпкердің қолдауымен салынған.

Ордабасы ауданындағы бекетке келсек, мұнда да өрт сөндірушілерге қолайлы жағдай жасалған. Арнайы техника мен құрал-жабдықтармен қамтылған. Бөген ауылындағы бұл бекет те өрт қауіпсіздігін сақтауға үлес қоспақ.

Салтанатты шарада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөз сөйлеп, өңірде азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмыстарға оң баға берді. Министр ауылдық жерлерде жаңа өрт сөндіру бекеттерін салудың маңыздылығын атап өтіп, Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖД қызметкерлеріне алғыс білдірді.

 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдайлардың санын азайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды күшейтуді тапсырған болатын. Облыста осы тапсырма аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысында 5 жаңа өрт сөндіру бекеті салынды. Солардың қатарында бүгін іске қосылып отырған Қарамұрт, Құтарыс және Бөген бекеттері де бар. Бұл нысандар аймақ тұрғындарын өрт және басқа да төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған. Осындай бекеттердің ашылуы – азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтаудың кепілі. Өрт сөндірушілердің еңбектері – ерлікке пара-пар. Күн сайын қауіптің ортасында жүріп, халықтың амандығын күзетеді.

Облыс әкімдігі әрқашан қрт сөндіру қызметкерлерінің қызмет жағдайларын жақсартуға, техникалық базаны нығайтуға және бұл салаға тұрақты қолдау көрсетуге басымдық береді. Соңғы 2 жылда төтенше жағдай қызметіне облыс бюджетінен 30-ға жуық техника алынған. Сондай-ақ Сауран және Төлеби аудандарында жалпы құны

1 млрд 612 млн теңгені құрайтын екі өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып келеді.  Жаңа өрт сөндіру бекеттері техникамен және арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қажетті штаттар бекітілген.

Айта кетейік, Облыс бойынша «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шеңберінде барлығы 32 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланған.

Соның бесеуі биыл тапсырылды.

Біздің басты мақсатымыз – әрбір ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету!

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан қаласы, Келес және Төлеби аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша әкімдердің есептері тыңдалды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі