Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласы, Келес және Төлеби аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша әкімдердің есептері тыңдалды.

22 декабря, 2025
in Жаңалықтар, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан қаласы, Келес және Төлеби аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша әкімдердің есептері тыңдалды.
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының кезекті мәжілісі өтті. Жиынды Түркістан облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев жүргізді. Мәжіліске Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, бюро мүшелері, Түркістан қаласы, Келес және Төлеби аудандарының әкімдері, аудандық мәслихат төрағалары, аумақтық партия филиалдарының жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде партияның 2023–2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Жол картасының орындалу барысы, сондай-ақ Түркістан қаласы, Келес және Төлеби аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша әкімдердің есептері тыңдалды.

Алдымен облыстық партия филиалы жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесі қаралып, Жол картасы аясындағы бірқатар өзекті мәселелер атап өтілді. Түркістан қаласында инженерлік инфрақұрылым, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, туристік бағыттардағы көше инфрақұрылымы және мобильді интернет сапасын арттыру мәселелері көтерілді.

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өңірлік өнім көлемінің өсімі, инвестиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс, туризм және жұмыспен қамту бағыттарындағы көрсеткіштер туралы және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысын баяндады. Бюро мүшелері Жол картасының тармақтарын сапалы орындауды, инвестиция мен туризм әлеуетін арттыруды тапсырды.

Келес ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көзделген іс-шаралардың бір бөлігі орындалғаны айтылып, ауыз су, білім беру, тұрғын үй, газ және жол мәселелерін шешуді жеделдету міндеттелді. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев қалған тармақтарды орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы барысын баяндады.

Төлеби ауданына қатысты зерделеу барысында ауыз су жүйелері, сарқынды су, жылу қазандықтары, электр инфрақұрылымы және партиялық қабылдаулардың белсенділігі мәселелері көтерілді. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы барысын, Жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобалар туралы мәлімет берді.

Жиын қорытындысында облыстық мәслихат депутаттарының 2026 жылға арналған азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, Саяси кеңес Бюросының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды. Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау басты басымдық ретінде белгіленді.

Айта кетейік, осыған дейін Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген болатын.Аудан басшысы өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне  кеңінен тоқталды еді. Атап айтқанда, 2024 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге өсіп, 184,1 млрд теңгені құраған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 190,1 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл соңына дейін 21,2 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылы 43,7 млрд теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 37 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан өндірілген өнім көлемі 179,6 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.

Соңғы бес жылда ауданға тартылған инвестиция көлемі 90,2 млрд теңгеге жеткен болса, алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 419,6 млрд теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр.

Ауылдық аумақтарды дамыту бағытында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл 15 елді мекенде жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар аясында елді мекендерді газдандыру, жол жөндеу және мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы 4 елді мекен, 2024 жылы 20 елді мекен көгілдір отынға қосылған. Жыл соңына дейін тағы 7 елді мекен табиғи газбен қамтылмақ. Сондай-ақ, биыл 4 елді мекенде жаңа газ желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Қазіргі таңда тағы 10 елді мекенді газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БАСТЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАНЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ

Келесі жаңалық

Ауылшаруашылық саласы әлеуметтік-экономикалық дамудың басты тіректерінің бірі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі