Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ауылшаруашылық саласы әлеуметтік-экономикалық дамудың басты тіректерінің бірі

23 декабря, 2025
in Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Ауылшаруашылық саласы әлеуметтік-экономикалық дамудың басты тіректерінің бірі
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы бүгінде экономикалық даму бағыты айқындалып, өңірде бірқатар жоба өз нәтижесін беріп келеді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар сала жұмыстары сараланып, оң көрсеткіштерге ие болуда. Мәселен, өңірде экономикалық ахуалды жақсартуға серпін беретін кәсіпкерлік, ауылшаруашылық саласының жұмысын талқылаған  кеңестің отырысы өтті. Жұмыс жиынында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салалары бойынша, «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы, кеңестің алдыңғы отырыстарында қабылданған шешімдердің іске асырылу барысы туралы мәселелер қаралды.

 «- Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бағытталған нақты шаралар шаруаларға қолжетімді қаржыландыру тетіктерін кеңейтуді, кооперацияны дамытуды, өңдеу өнеркәсібін жолға қоюды, сондай-ақ ішкі нарықты өз өнімдерімізбен қамтуды, еліміздің экпорттық әлеуетін арттыруды көздейді. Бұл шаралар ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, өнімнің қосылған құнын көбейтуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар өңір экономикасын әртараптандыруға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған.  «Ауыл аманаты» жобасының іске асуы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл шаруашылығы саласында жаңа өндірістерді қалыптастыруға арналғаны белгілі», — деді кеңес отырысының маңыздылығын түсіндіріп өткен Қалыйма Жантөреқызы.

Жұмыс жиынын әрі қарай, кеңес төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Раймбеков жүргізіп,  кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық өрлеуінің басты тіректерінің бірі екенін айтты.

Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жорабек Жолдасбековтың агроөнеркәсіп кешені саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша хабарламасы тыңдалды. Ол өз сөзінде еліміздегі жалпы өнім көлемінің 13 пайызы Түркістан облысына тиесілі екенін айтып, бұл салада жыл сайын 1 трлн. теңгеден астам өнім өндірілетінін атап өтті.

— Облыстың агроөнеркәсіп кешені саласында 2025-2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілді. Оның аясында 295,5 млрд. теңгеге 78 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Биыл жалпы құны 63,3 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 1030 жаңа жұмыс орындары құрылды», — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Хабарламада үш кластерлік бағыт бойынша жұмыстар басталғаны айтылды. Мақта-тоқыма кластерін дамытуда 5 жобаны іске асыру көзделген. Алғашқы кезеңде «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-гі толық циклды мақта өңдеу, тоқыма өндірісі, жіп иіру, мата  және бояу шығару бойынша 4 зауыт салу бастамасы қолға алынған. Жүгері өндірісі кластерінде қуаттылығы жылына 150 мың тонна крахмал шығаратын зауыт іске қосылмақ. Ал ет кластерін дамытуда жалпы құны 48,9 млрд. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асатыны айтылды.

Жиын барысында крахмал өндіруге қажетті жүгері дақылдарының жеткілікті болуы, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау мәселелері көтеріліп, мал шаруашылығын жүргізуге бейім аймақтарда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында неліктен балық және құс шаруашылықтарын жүргізуге басымдық беріліп жатқаны сұралды. Созақ, Бәйдібек аудандарында қой шаруашылықтарын дамыту мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды. Облыс көлемінде экономикалық жағынан тиімді жеміс-жидек түрлерін өсіру бойынша салалық жоспар түзілуі керектігіне баса мән берілді.

Кеңес мүшелерінің өңір ауқымындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша сауалдарына Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбай жауап берді. Жиында салалық басқарманың есебінде көрсетілген ашылған жаңа жұмыс орындары санының қаншалықты объективті екені сұралды. Басқарма өкілінің мәлімдеуінше, шағын және орта кәсіпкерлік саласында ашылған жұмыс орындары санының шынайылығы мемлекеттік кірістер органдарындағы салық түсімдері бойынша расталған.

Жиынның күн тәртібіне енгізілген «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы жайлы «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбек Исаев есеп берді. Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарлмасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында 25,6 млрд. теңгеге 3790 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 3,5 млрд теңгеге 477 жоба қаржыландырылса, мал шаруашылығын дамыту бағыты шеңберінде 2921 жобаға 17,4 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Құс шаруашылығын дамыту аясында 27 жобаға 198,6 млн. теңге несие берілсе, балық шаруашылығын дамыту бойынша 53 жоба 398 млн. теңгеге қаржылай қолдау тапқан. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін жабдықтау бойынша 128 жоба 2,8 млрд. теңгеге қаржыландырылса, өз кәсібін ашу бағыты бойынша 185 жобаға 1,3 млрд. теңге несие берілген.

Бағдарламаның орындалуын талқылаған кеңес мүшелері, осы жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар жобаның қоғамға берген пайдасын, өзімізде шығарылатын өнімдердің нарықтағы азық-түлік бағасын төмендетуге тигізген нақты әсерін, тиімді нәтижелерін айқындап көрсетуі керек деген пікірлерін жеткізді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілетініне баса мән берілді. Бағдарлама қатысушылары жаңа салық нормаларын қолдануда қандай да бір қиындықтарға тап болмауы керек екені айтылды.

«Ауыл аманаты» жобасының орындалуы бойынша қосымша хабарлама жасаған «Ырыс» микроқаржы ұйымының басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев кеңестің 2025 жылғы 28 наурызда өткен отырысының хаттамалық шешімі бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді. Микроқаржы ұйымы тарапынан «Ауыл аманаты»  бағдарламасына қатысушылар үшін арнайы кепіл саясаты қабылданғанын атап өтіп, несие алушылардың ауылды жердегі жылжымайтын мүліктердің бағалау құнының 70 пайызына дейін несие алуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Несие алу үшін құжат рәсімдерін жеңілдетуде және процесті жылдамдатуда электронды қызметтер енгізілгенін хабарлады.

Облыс тұрғындары тарапынан мал шаруашылығын дамытуға қатысты көптеген ұсыныстар түсіп жатқанына тоқталған Мұхит Мыңбаев, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға арналған несиелер беру шегін қазіргі 40 пайыздан 60 немесе 70 пайызға көтеру жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл бастаманы кеңестің мүшелері бірауыздан қолдап, тиісті ұсынысты қарау үшін облыс әкімінің орынбасарына және партияның Орталық аппаратына жолдайтын болды.

Кеңес отырысын қорытындылаған Қалыйма Жантөреқызы өңір экономикасының тұрақты дамуы кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы салаларындағы жүйелі қолдауға тікелей байланысты екенін атап өтті.

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістан қаласы, Келес және Төлеби аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша әкімдердің есептері тыңдалды.

Келесі жаңалық

Түркістан облысында 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі