Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

Түркістан облысы ТЖ департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

23 декабря, 2025
in Төтенше жағдай, Қоғам
0
Түркістан облысы ТЖ департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Чайзада Бағдат Темірболатұлы тағайындалды, ол бұрын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Есімсейітов Дәурен Сансызбайұлы таныстырды. Чайзада Бағдат Темірболатұлы 1987 жылы 16 қыркүйекте  Алматы  қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірді. Мамандығы «өртқауіпсіздігі инженері».

Аппарат басшысы Есімсейітов Дәурен Сансызбайұлы Чайзада Бағдат Темірболатұлын жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, облыс тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмыстардың күшейтілгенін атап өтіп, табыс тіледі.

Айта кетейік, ! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында» деген болатын. Мемлекет тарапынан төтенше жағдайлар саласына айырықша көңіл бөлінуде. Түркістан облысы құрылғалы бері жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңгеге 36 бірлік жаңа техникалар сатып алынды. Алдағы уақытта да материалдық техникалық базаны нығайту жалғасады. Бұдан бөлек, Сауран және Төлеби аудандарында құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 2 жаңа өрт сөндіру бөлімі соғылып, халық игілігіне берілді. Бұл мемлекеттің қолдауы мен сенімі.

Жалпы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысы өте жауапты. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері (бұдан әрі – АҚ және ТЖ) облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде және шаруашылық кешені объектілерінде (ЭКҚ) құрылады. Олар азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың барлық кезеңдеріндегі мәселелерді бейбіт уақытта, сондай-ақ жау шабуылы қаупі туындаған кезде және зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде шешеді. Осы міндеттерді орындау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ұйымдастырушылық пен практикалық шараларды шешу үшін меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар тартылады .

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің басшыларын әкім тағайындайды аудандық , шаруашылық кешені объектілері – олардың басшыларының бұйрықтарымен тағайындалады. Нысан қызметінің басшысы болып топ-менеджердің орынбасарларының бірі немесе тәжірибелі бас мамандар тағайындалады.

Облыстық, аудандық, қалалық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар, ал химиялық өңдеу зауыттарында объект басшыларының бұйрықтарымен құрады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң басшылары, негiзiнде қызметтер құрылған ұйымдардың, мекемелер мен кәсiпорындардың басшылары қызметтердiң ұйымдастырылуы мен қызметiне, күштер мен құралдардың қажеттi санын дайындауға, оларды жеке құраммен, техникамен және мүлiкпен жарақтандыруға дербес жауапты болады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері мен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша  ережелер қызметтердің басшыларымен әзірленіп, облыстық, қалалық және аудандық ТЖ бойынша басқармамен келісіліп, азаматтық қорғаныс басшысы болып табылатын –әкіммен  бекітіледі. Басшыларының жанынан штабтар құрылады, олар бөлімдерден, бөлімшелерден және топтардан тұруы мүмкін. Облыста, аудандарда, қалаларда және шаруашылық объектілерінде базаның және жергілікті жағдайларға байланысты азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың келесі қызметтері құрылуы мүмкін:

ақпараттандыру және байланыс, қоғамдық тәртіпті қорғау, энергетикалық, техникалық, өртке қарсы, медициналық, сауда және азық-түлік, жанар-жағармай, жолдар мен көпірлер, инженерлік, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, көлік, коммуналдық-техникалық , қажет болған жағдайда басқа да қызметтер құрылуы мүмкін.

Бүгінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден астам қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарып келеді. Құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірін қорғау бағытында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүр.

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды.

Келесі жаңалық

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАП ЖҮРЕЙІК!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі