Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: БАДАМ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

24 декабря, 2025
in Қоғам, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН: БАДАМ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТАТЫН  ЖАҢА  ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы «Бадам» индустриалды аймағында «AERO» автоклавталған газоблок өнімдерін шығаратын зауыттың салтанатты ашылуы өтті. Аталған өндіріс орны ауданның әлеуметтік — экономикасын дамытуға, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға, құрылыс саласын сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған ірі жобалардың бірі.

Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, инвесторлар мен кәсіпорын ұжымы қатысты.

Іс-шарада аудан әкімі көпшілікті жаңа кәсіпорынның ашылуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аудан көлемінде өндіріс саласын дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 2,5 миллиард теңгені құрайды. 3 гектар аумақта орналасқан өндіріс орны жылына 85 мың текше метр автоклавталған газоблок өндіруге қауқарлы. Мұнда бастапқы кезеңде 40 тұрақты жұмыс орны ашылса, алдағы уақытта жұмыс орындарын көбейту жоспарлануда. Зауытта заманауи технологиялар қолданылып, табиғи компоненттерден дайындалатын, беріктігі жоғары әрі халықаралық стандарттарға сай өнім шығарылады.

Салтанатты жиын барысында құрметті қонақтар зауыттың лентасын қиып, өндіріс орнының жұмысымен танысты.

«AERO» автоклавты газоблок зауытының іске қосылуы – аудан әкімдігі мен жеке кәсіпкер арасындағы тиімді әріптестіктің жарқын үлгісі. Бұл жоба ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықты сапалы әрі қолжетімді құрылыс материалымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер береді.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында соңғы екі жылда 9 өндіріс орны іске қосылып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар,  аудан әкімі Азат Оралбаев аудандағы бірқатар нысан жұмыстарын аралап, жүйелі атқарылуын пысықтады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қарқынды жүргізуде. Мәселен, аудан басшысы Темірлан елді мекенінедегі бассейн және теннис кортының құрылыс жұмыстарын  көрді. Нысандардағы жұмыс барысы, құрылыс сапасы тексеріліп , тиісті сала басшыларына жұмыс қарқынын күшейту, сондай-ақ белгіленген талаптар мен стандарттардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.  Сонымен қатар, Темірландағы өндірістік паркке барып, құрылыс кезеңдері мен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Бұл нысандардың құрылысы  ауданның әлеуметтік —  экономикасын дамытудағы маңызы зор екені атап өтілді.

Одан кейін Шұбар елді мекеніне барып, спорт кешенінің құрылысын көріп, қазіргі жағдайымен танысты. Сапар соңында Қарабастау елді мекеніне аялдаған аудан басшысы ауылдың жалпы әлеуметтік ахуалы мен асфалт төсеу жұмыстарына назар аударып,  бірқатар өзекті мәселелерді саралады.

Азат Оралбаев елді мекендерді аралау барысында анықталған мәселелердің барлығы бақылауда болатынын айтып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғаса беретінін жеткізді.

Сондай-ақ, аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Шұбарсу ауыл округіне барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйін көрді. Аудан басшысы алдымен Шұбарсу ауылында салынып жатқан, құрылысы аяқталуға жақын 600 орындық жаңа мектепке барды. Нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен тиянақтылығына, мерзімінде аяқталуына ерекше назар аударып, жауапты қызметкерлер мен мердігер ұйым өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, Д.Қонаев көшесіндегі тұрғындар өтінішімен орнатылған бағдаршам құрылысының жағдайы тексеріліп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері пысықталды. Сапар барысында ауылдағы өзге де көшелердің санитарлық-тазалық  жағдайын, бірқатар  көше келбетіне нұқсан келтіріп тұрған аумақтарды ретке келтіріп, талапқа сәйкестендіру жұмыстарын жоспарға енгізді. Бұл бағытта ауыл округ әкімдігі мен тиісті сала басшыларына жұмысты жеделдету жөнінде ескерту жасалды.

Аудан әкімі бұдан кейін Шұбарсу ауылындағы «Таза су» мекемесінің ғимаратын көріп, сала басшылығына нысанның өз қызметін атқаруға қолайлылығын жетілдіру қажеттігін айтты. Сондай-ақ ауыз су жүйесінің II кезеңінің жұмысын тексеріп, «Атамекен» алабындағы су жүйесінің жағдайын зерделеді. Ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі – басты назарда екенін атап өтіп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды талап етті.

Жұмыс сапарының қорытындысында Азат Оралбаев жауапты қызметкерлерге барлық нысандар бойынша жұмыстарды бақылауда ұстап, мердігерлердің белгіленген талаптарды қатаң сақтауын қадағалауды тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАП ЖҮРЕЙІК!

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОС ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі