Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОС ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

24 декабря, 2025
in Денсаулық, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОС ӘЛЕУМЕТТІК  НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында бүгінде халық игілігі үшін пайдалануға беріліп жатқан әлеуметтік нысандар қатары көп. Өңірге қарасты аудандар жаңа нысандармен толығуда. Бұл өңірдің әлеуметтік азуалын жақсартып, экономикаға серпін берері сөзсіз. Соның тағы бірі,  Сарыағаш ауданына қарасты Жаңаталап және Атамекен елді мекендерінде жаңа медициналық нысандар бой көтеріп, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңа нысандардың ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады.

Аудан басшысы халық денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, аудан аумағында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар шалғай ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету мәселесі үнемі назарда болатынын айтты.

  • Бүгін өздеріңізбен қуанышты күнде жолығып отырғаныма қуанамын. Ауданның әлеуеті артып, бүгінде жаңадан ғимараттар бой көтеруде. Оған өздеріңізбен бірге куә болып келеміз. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ауданның экономикалық дамуын айрықша мән беріп келеміз. Алдағы уақыттада бірнеше игі жобалар жоспарымызда бар. Барлығы аудан тұрғындары үшін жасалып жатқан игі жұміс. Бүгінгі жаңадан ашылған әлеуметтік медициналық нысан өз жұмысын бастағалы отыр. Баршаңызды қуанышты сәтпен құттықтаймын. Еліміз аман болсын. Зор денсаулық тілеімін. Ел медицинасы жаңарып, жақсы жаңалықтарға толы болсын,-деді аудан басшысы Арман Абдуллаев.

Жаңаталап елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи талаптарға сай салынған және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Нысанда акушерлік, күндізгі стационар, физиотерапия, бала дамуын бақылау бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ ЭКГ аппараты мен жүрек қызметін тексеруге арналған заманауи медициналық құрылғылар орнатылған. Дәрігерге дейінгі қабылдау бөлмелерімен жабдықталған мекеме бір мезетте 20 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда жалпы 5 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Атамекен елді мекеніндегі медициналық тірек те тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге бағытталған. Нысан бір мезетте 20 адамға қызмет көрсете алады. Аталған медициналық нысандардың құрылыс жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Жобаның тапсырыс берушісі – «CK ABU GROUP» ЖШС.

Жаңа медициналық нысандар ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға, сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға және өңірдің әлеуметтік — экономикалық әлеуетін нығайтуға зор үлес қосады.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданында аралас үлгідегі «Ainala» атты жаңа оңалту орталығы өз жұмысын бастады. Айта кетейік, аталған орталық «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен және «Baquatty Aimaq Qory» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылған жоба аясында ашылды.

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, Түркістан облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында жоба маңыздылығы атап өтіліп, ата-аналар тарапынан алғыс сөздер айтылды.

«Ainala» оңалту орталығының басты ерекшелігі – аралас үлгідегі форматта жұмыс істеуі. Бұл әртүрлі диагнозы бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қамтуға мүмкіндік береді. Орталық тек оңалту қызметін көрсетіп қана қоймай, ерте араласу, әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтендіру бағытында да кешенді көмек ұсынады. Бұл балалардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың әлеуетін ашуға және қоғам өміріне бейімделуіне ықпал етеді.

 

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: БАДАМ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

СОЗАҚ: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ САРАЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі