Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

25 декабря, 2025
in Жаңалықтар, Төтенше жағдай
0
КЕНТАУ: АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында ауылдық елді мекендерде ерікті өрт сөндіру жүйесін нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Чайзада, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, азаматтық қорғау саласының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары ауыл тұрғындарын маңызды нысанның ашылуымен құттықтап, өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу және материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Бүгін ауыл жұртшылығы үшін тарихи әрі қуанышты күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен төтенше жағдайлар саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ащысай ауылында ашылған өрт сөндіру бекеті, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі», – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.

Сондай-ақ, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Темірболатұлы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа бекеттің ауыл үшін маңызын атап өтті. Ал ауыл ақсақалы Айсауыт Жұмағалиев ел игілігі үшін атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Іс-шара барысында жаңа нысанның лентасы қиылып, қонақтар өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған, оның ішінде 1 дана жаңа өрт сөндіру көлігі, қызметкерлерге арналған жатын және асхана бөлмелері бар.

Айта кетейік, «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында ашылған бұл бекет 2000-нан астам тұрғынды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етеді. Жалпы Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінде штат бойынша  6 қызметкер қызмет атқарады. Кентау қаласының №12 Өрт сөндіру бөлімінде жеке құрам штат бойынша 44 қызметкер.

Өрт сөндіру бөліміндегі техникалар:

  1. Арнайы техника 1 дана -АЛ-32 автолестница
  2. Негізгі техника 3 дана- АЦ /Камаз;
  3. Қосалқы техника 2 дана Оның ішінде 1 дана УАЗ, 1 дана водовоз.

Барлығы: 6 техника.

Айта кетейік, «Жаңа жыл» мейрамын мерекелеу кезеңінде Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамын қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстыру туралы бұйрығына сәйкес, Кентау қаласында қызметті күшейтілген түрге өткізу туралы бұйрық шығарылады. Аталған бұйрыққа сәйкес, қосымшаларымен жауапты қызметкерлер бекітіліп, жеке құрам толығымен таныстырылады. Сонымен қатар «Жаңа жыл» мерекесі өтетін күнге  орталық Ынтымақ алаңына жауапты қызметкерлер бекітіліп және 1 өрт сөндіру автокөлігі жеке құраммен кезекшілікке түсетін болады.

              Қазіргі таңда жаңа жыл мерекесі кезінде ұйымдар мен тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау жөнінде үгіт насихат жұмыстары кеңінен ұйымдастырылуда. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өрт кезіндегі іс әрекеттер бойынша нұсқаулықтар, лекциялар, жиындар өткізілуде, үгіт насихат материалдары (жадынамалар, нұсқаулықтар) таратылуда. Аталған үгіт-насихат жұмыстары кезінде пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз қолдану мәселелері түсіндірілуде.

Объектілер әкімшілігімен және мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушыларымен мереке өтетін орындарға комиссиялық қарау жүргізіп өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілуде. Көшіру жолдарына, өрт сөндіру құралдарының жұмысқа жарамдылығына, жаңа жыл шыршасын қауіпсіз безендіруге, шыршаны көшіру жолдарынан тыс жерлерге орнатуға, сондай-ақ қызмет көрсетуші тұлғалардың болуы мүмкін өрт кезіндегі іс әрекеттерін білуіне басты назар аудару шаралары түсіндірілуде.

Сонымен қатар ТО Полиция департаменті және ТО Төтенше жағдайлар департаменті бастықтарымен бекітілген пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес қаладағы базар және сауда орындарында рұқсатсыз сатылып жатқан пиротехникалық заттар анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Үгіт-насихат, рейдтік жұмыстары 2026 жылдың қаңтар айының 5-не дейін жалғасын табады. Сонымен қатар, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде заңдылықты, тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарындағы қызметтік-еңбек тәртібінің жағдайы бойынша шолулар барлық қызметкерлердің назарына жеткізілуде.

Алдыңғы жаңалық

СОЗАҚ: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ САРАЛАНДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан облысында жер сілкінісін анықтайтын 12 сейсмостанция жұмыс жасауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі