Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

Түркістан облысында жер сілкінісін анықтайтын 12 сейсмостанция жұмыс жасауда

25 декабря, 2025
in Төтенше жағдай
0
Түркістан облысында жер сілкінісін анықтайтын 12 сейсмостанция жұмыс жасауда
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары жөнінде арнайы комиссия жұмыс жасайды. Биылғы жылы облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы 8 рет қаралып, хаттамалық тапсырмалар жасалған. Облыс аумағында 101 сел қауіпті, 45 сырғыма қауіпті және 10 қар көшкіні қауіпті аймақтар бар. Сел ағынынын бақылау үшін 12 гидробекеттер бар және  3 өндірістік-пайдалану учаскесі жұмыс істейді. 2025 жылдың басынан сырғыма және қар көшкіні қауіпті аймақтарда жалпы 741 рет зерделеу жүргізіп, 1 319 жаднама, нысан иелеріне 259 ұсыныс парақтары таратылған.

Ал, Республикалық деңгейде «сейсмикалық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес облыстың егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру картасын әзірленуде, жүзеге асыру мерзімі 2025-2026 жыл.  Сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылы жоспарға сәйкес 8 сейсмостанция орнатылған.  Бүгінге облыста жер сілкінісін анықтайтын   12 сейсмостанция жұмыс жасауда.  Соңғы бес жылда  40 рет жер сілкінісі орын алған, 19 рет 2 баллдан жоғары болған. Зардап шеккен халық пен ғимараттар орын алмаған.

Облыс аумағында «Ашық терезе – балаларға қауіпті» атты семинар жұмыстары тұрақты ұйымдастырылып келеді.  365 әлеуметтік осал топтағы отбасылардың көпқабатты тұрғын үйлерінің терезелеріне арнайы бекітпелер орнатылған. Сонымен қатар, 192 рет үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылып, 721 көпқабатты тұрғын үйдің 4 328 пәтері араланып, 13 546 адам қамтылған.

Төтенше жағдайларды жою саласы

Алдағы қыс мезгілінде төтенше жағдайлардан болатын нұқсанды төмендету және адамдардың өліміне жол бермеу мақсатында «Түркістан облысы аумағындағы 2025-2026 жылдардағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» және «облыстық жедел штабтың құрамы» бекітіліп, барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға орындау үшін жолданған.

Бүгінгі таңда облыс аумағында қар басатын жалпы 22 аумақ бар, оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында – 6, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында – 16. Қар басатын жол учаскелерінің жалпы ұзындығы 404,4 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарда қар ұстағыш қалқандар орнатылмаған, ал облыстық маңызы бар жолдарда 9 шақырым қар ұстағыш қалқандар бар.

Қар құрсауында және күрделі метеожағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 14 жылыту пункттері есепке алынған. Сондай ақ, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы асуларда 4 жылыту бекеттері орналасқан және бұл жылыту бекеттері 70 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілген және тәулік бойына жылы күйде ұстаушы кезекші ұйымдастырылған. Жылыту бекеттерінің бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіншілігі бар, яғни төсек орынмен қамтамасыз етілген.

Республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарға қысқы маусымда қызмет көрсететін мекемелердің мәліметіне сәйкес жалпы 139 бірлік техника, 4 200 тн – тұз, 15 190 тн – құм, 377 тн – дизель,
196 тн – бензин, 160 тн – көмір және 1 225 дана «Тайғақ жол» ескертуші тақтайшалары дайындалған.

Облыс аумағында қар құрсауына ең көп ұшырағыш учаскелерде орналасқан 7 өрт сөндіру бөлімшелеріне (Түркістан, Бәйдібек, Созақ, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Жетісай, Ордабасы) Департаменттің жүріп өту мүмкіндігі жоғары техникаларын бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Қысқы маусымда ауа-райының суытуы, боранды желдің тұру салдарынан қар тазалайтын техникалардың жанар-жағар майларының қатуы жағдайлары болып, жолға қызмет көрсетуші мекемелерде қыстық дизель отыны қорының болмау жағдайы орын алады.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ: АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан облысында биылғы жылы 455 өрт оқиғасы тіркелген.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі