Түркістан облысының аумағында 2025 жылы 455 өрт тіркелді. Өрттен 21 адам қайтыс болып, 18 адам жарақат алған.Ал, өткен жылы өрт оқиғасының салдарынан өңірде 6 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сейсенов Асқар Әмірханұлы мәлімдеді.
Айтуынша, өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында, сауда орындарында және бидай алқабында, орманда орын алған. Бақылау объектілерінде жалпы 41 өрт орын алған. Атап айтқанда, монша 7, азық түлік дүкен 9, қойма 6, ауыл шаршашылығы 8, асхана 3, уран өндіру 1, құс фермасы 1, мектеп 4, балабақша 1, мәдениет үйі 1.
Өрттердің орын алуына жиі себептер: электр құралдарын монтаждау, техникалық пайдалану ережелерін бұзу , пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзу және отты абайсызда пайдалану сияқты басқа да себептер әсер етеді. Биылғы жылы облыста өрттен болған материалдық шығын 2 млрд 056 млн. 091 мың теңгені құраған. Ал, Улы газдан улану жағдайлары биылғы жылдың басынан улы газбен улану дерегі бойынша 2 жағдай тіркеліп 2 адам қайтыс болды, 8 адам жарақат алды. 1 милионнан астам адамға өрт қауіпсіздігі қағидалары түсіндірілді. Оның ішінде білім беру ұйымдарында 315 рет ашық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, Облыс аумағында тұрғын үйлер және көп қабатты тұрғын үйлер саны 383 мың 365 үйді құрайды. Оның ішінде жеке тұрғын үй секторларының саны – 379 мың 626 болса, көпқабатты тұрғын үйлер саны – 3 739 үй.
Айта кетейік, жазғы өрт қауіпті кезеңіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупін болдырмау және азайту мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті алдын алу шараларын қарқынды жүргізіп келеді. Облыстың орман шаруашылықтарымен жұмыс жүргізіліп, орман ресурстарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспарын жасайды.
Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылы орман алқаптарында 324,17 га болатын 17 өрт тіркелді материалдық шығын 14 млн 65 мың теңге. Облыс аумағында 2024-2026 жылдарға арналған өрт сөндіру құралдары, аспалы өрт сөндіргіштермен және арнайы киімдермен қамтамасыз ету жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, 175 арнайы киім, 235 аспалы өрт сөндіргіш, 1180 сабалағыш алынған. Балаларды төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кездегі мінез-құлық ережелеріне оқыту мақсатында 341 білім беру объектілерінде 62842 қатысушыны қамтитын 240 интерактивті сабақ өткізілді.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні мен 1 маусым балаларды қорғау күніне орай іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылды, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды. Азаматтық қорғаныс сұрақтары облыстық ТЖ комиссиясы отырыстарында 4 рет қаралды. Сонымен қатар, эвакуациялық комиссия отырысы 1 рет өтті.
Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін Департаментке жинап, азаматтық қорғаныс іс-шаралары тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өткізілді.Департамент бастығының бұйрығымен әскерге шақырылушыларды сапалы іріктеуді, зерделеуді ұйымдастыру және оларды әскери бөлімдерге жіберу үшін Департаменте жұмыс тобы құрылған.
- Бүгінгі таңда облыс аумағында халықты хабардар ету жүйесінің барлығы 419 құрылғы орнатылған, оның ішінде сиреналық-сөйлеу құрылғылары – 381, С40 – 52 бірлік, С28 – 8 бірлік 381 сиреналық – сөйлеу құрылғыларынан 328 ССҚ Департаменттің, 51 ССҚ облыс әкімдігінің арнайы базасының, 2 ССҚ Төлеби ауданы әкімдігі балансында. Барлық сиреналық-сөйлеу құрылғылары Департаменттің Жоспарлау және жедел басқару орталығында орнатылып, орталық басқару пультіне қосылған. Облыс аумағында телерадио хабарларын тарату құрылғылары орнатылған. Аталған құрылғы 6 радио және 26 цифрлық теле-арналарына ақпарат тарата алады. 2025 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 124 млн. 600 мың теңгеге 20 дана ССҚ сатып алынып, Түркістан қаласына орнатылды,-деді Сейсенов Асқар.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің 2024 жылғы 30 шілдедегі «Орман, табиғатты қорғау және өртке қарсы бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды күшейту мақсатында 2 жинақ транкингтік DMR TIER ІІІ базалық станциясын мердігер «Тополь» ЖШС-мен 70 млн 331 мың 609 теңге 60 тиынға келісім шарт жасалынып тауар сатып алынды. 1 дана DMR TIER ІІІ базалық станциясы Түркістан қаласында орналасқан Төтенше жағдайлар Департаменті аумағындағы оқу мұнарасына орнатылды. 66 млн 262 мың 560 теңгеге 185 дана тасымалды DMR TIER ІІІ радиобайланыс құралдары сатып алынды. Табиғи өрттерді сөндіру тактикасы және су тапшылығы кезінде өртті сөндіру және өрт қоршауына түскен кездегі жеке құрамның іс-әрекеттері тақырыбында 2025 жылғы 11 сәуір күні Департаменттің аға және орта басшылық құрамға кәсіптік даярлығы бойынша қосымша сабақтар өткізілген.
Айта кетейік, 2025 жылғы 22–23 мамырда «Өрт–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Түркістан облысы Келес ауданында өткізілді. Сонымен қатар, биылғы жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Ақсу-Жабағылы мемлекетік табиғи қорығында орман, дала алқабындағы өртті сөндіру және күш-құралдарды дайындыққа келтіру мақсатында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылған.


