Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

Түркістан: Жылыту маусымының жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

25 декабря, 2025
in Төтенше жағдай
0
Түркістан: Жылыту маусымының жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылып келеді.  Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу, тіршілік қамтамасыз ету нысандары бойынша  1 жылу энерго орталығы (ЖЭО), жеті қазандық, екі турбинада,  44,8 км жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңда, 4 қазандықта (Созақ — 3, Төлеби — 1) жөндеу жүргізілуде. Жылу-энерго орталығының 2 қазандығы  және 2 турбинасы, орталықтандырылған 3 қазандығы (Созақ – 1, Отырар – 2) бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, 44,8 км жылу желілерін қайта құру жоспарланған, оның 44,2 км ауыстырылған. Облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі  594,3 мың тоннаны құраса, бүгінде оның қамтылғаны 549 мың тоннаға жетіп отыр.

  • Жалпы бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталып, қажетті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып отыр. Аудан қалалардың ЖД тұйықтарында 96,6 мың тонна көмір қоры жинақталған. Электрмен қамтамасыз ету саласы бойынша жалпы 1 778 шақырым электр беру желісіне, 44 қосалқы станцияға және 628 трансформатор қондырғысына күрделі, ағымдағы жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар белгіленген жоспарға сай жүзеге асырылуда.Сонымен қатар,    «2025-2026 жылғы су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар жоспарына»  сәйкес жүзеге асырылуда. жоспарға жалпы 12 іс-шара енгізілген. Қазіргі таңда 8 іс-шара толығымен аяқталып, қалған 4 іс-шара бойынша жұмыстар жүргізіулде. Сонымен қатар, Департаментпен «2025-2026 жылғы су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары» әзірленіп, облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген. Орындалуы бақылауға алынған. Су тасқыны қауіпті кезеңде су шаруашылық мекемелермен бірлесіп өзендер мен су қоймалардың су режимдеріне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ, tasqyn.kz су проталы арқылы берілген қауіпті аймақтар қатаң бақылауда, қажет болған жағдайда кезекшілік ұйымдастырылады,-деді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сейсенов Асқар Әмірханұлы.

Бүгінгі таңда, Түркістан облысының аумағында 111 гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде 42 – і су қойма. 2023-2024 жылы Қапшағай су қоймасы күрделі жөндеуден, Майдантал, Ырмақ-өзен су қоймалары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Және «Қазсушар» РМК-ға қарасты Көксарай су реттегішінің күрделі жөндеуі «Ислам» даму банкінің қаржыландыруымен қайта құру жобасына енгізілген.  Орындалу мерзімі:
2026-2028 жыл. Қазіргі таңда, Бөген су қоймасын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіпті. Ал, Майдантал, Ырмақ-өзен, Ақсүмбе, Ағанай, Ұзынбұлақ, Рабат, Шілтер-су, Күмісті-1, Құлан, Күркіреуік, Бақырлы, Көкібел, Бөржар, Теспе су қоймаларына күрделі жөндеу жұмыстарына «Ислам» даму банкі арқылы жобалық-сметалық құжаты дайындалуда.

 

  • Облыс аумағында төменінде елді мекендер орналасқан 28 су қоймасы бар. Оның ішінде, 16 су қоймада (Шардара, Бөген, Қапшағай, Рабат, Ырмақ-өзен, Бабата, Үштөбе, Шұқырой, Ағанай, Көкібел, Сасық-бұлақ, Майдантал, Ақтөбе, Қосқорған, Құлан, Сартөр) құлақтандыру жүйелері орнатылған. Қалған 12 су қойма (Көксарай, Ақылбексай, Шерт, Күркіреуік, Ащы, Ұзынбұлақ, Қарашық, Кенсай-Қосқорған-2, Ойық, Қарақұр, Теспе, Қошқарата) құлақтандыру жүйелерімен қамтамасыз етілмеген. Ағымдағы жылы Ақтөбе және Шерт су қоймаларына көпфакторлы зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Шұқырой су қоймасының қауіпсіздік декларациясы жасалып, Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің қауіпсіздік декларациясы әзірленуде. Көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдаланы үшін, «Боралдай», «Бәйдібек ата», «Қарақуыс», «Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленді. Жобалар толық іске асқан жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 120,3 млн. м3 ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы аумағындағы өңірлерде ағын су мәселесі шешімін табады,-деді Асқар Әмірханұлы.

Айта кетейік, «Бәйдібек ата» су қоймасын 68 млн.м3 салу жұмыстарына 2023 жылға облыстық бюджеттен 680 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар,  Облыс аумағындағы су нысандарын санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес, облыстық бюджет қаражаты есебінен облыс бойынша 150 өзенге, 31 су қоймаға, 2 табиғи көлге су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылып, облыс әкімдігінің «Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысымен бекітілген.

Су қорғау аймағы мен белдеуінен жерді заңсыз бөлінуін алдын алу мақсатында, облыстық жер кадастрының бірыңғай электрондық базасына 183 су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің координаталары енгізілген. Нәтижесінде, бүгінгі күні облыс аумағында судың сапасына кері әсерін тигізетін, су қорғау аймақтары мен белдеулерінен шығару белгіленген  5 717 нысандар бар. Қазіргі уақытта аталған нысандардың 398-ін шығару бойынша аудан, қала әкімдіктері тарапынан жұмыстар атқарылып, қалған 5 319 нысанды қауіпсіз орындарға шығару жұмыстары жалғасын табуда.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында биылғы жылы 455 өрт оқиғасы тіркелген.

Келесі жаңалық

Түркістан: Төтенше жағдайлар департамент қызметкерлері жоспарлы жұмыс атқарып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі