Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

Түркістан: Төтенше жағдайлар департамент қызметкерлері жоспарлы жұмыс атқарып келеді

25 декабря, 2025
in Төтенше жағдай
0
Түркістан: Төтенше жағдайлар департамент қызметкерлері жоспарлы жұмыс атқарып келеді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына қарасты Түркістан, Кентау қалалары мен Ордабасы, Жетісай, Созақ, Келес аудандарында азаматтық қорғаудың басқару органдарымен, қызметтерімен және құралымдарымен аумақтық деңгейдегі кешенді оқу-жаттығулар ұйымдастырылған.

Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,  2025 жылға арналған басшы құрам мен мамандарды оқыту жоспарларына сәйкес, есепті кезеңде 3909 тыңдаушы оқудан өтті. Балаларды төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кездегі мінез-құлық ережелеріне оқыту мақсатында 341 білім беру объектілерінде 62842 қатысушыны қамтитын 240 интерактивті сабақ өткізілген. Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін Департаментке жинап, азаматтық қорғаныс іс-шаралары тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өткізілді.

Департамент бастығының бұйрығымен әскерге шақырылушыларды сапалы іріктеуді, зерделеуді ұйымдастыру және оларды әскери бөлімдерге жіберу үшін Департаменте жұмыс тобы құрылған. ТЖМ-нің әскерге шақыру жоспар кестесіне сәйкес, Түркістан облысынан 60 әскерге шақырушы отан алдындағы борышын өтеу үшін жөнелтілді, ТЖ министрлігі қойған міндет 100% — ға орындалған. Сонымен қатар, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті спорттық шаралар ұйымдастыруды ұдайы қолға алып келеді.  2025 жылға арналған дене шынықтыру – бұқаралық, сауықтыру іс-шаралары бойынша күнтізбелік жоспарына сәйкес Департаменттің құрылымдық бөліністері арасында үстел тенисінен, шахматтан, офицерлер арасында және жеке құрамның қатысуымен  кіші футболдан жарыс өткізіліп, бөлімдер әр түрлі нәтежелерге қол жеткізіп марапатталды.

Осыған дейін, Астана қаласында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионатына (бұдан әрі – ҚРЧ) облыстық Департаменттің өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімінің технигі Аружан Ерикқызы Беркинбаева +70 кг салмақта қатысып жүлделі 1-орынды иеленіп Туркия Республикасында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алған.

Сонымен қатар ағымдағы жылғы Түркия Республикасы Бурса қаласында өткен Әлем чемпионатына Түркістан қаласындағы өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімінің технигі Аружан Ерикқызы Беркинбаева қатысып жүлделі 2-орынды иеленген. «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында бүгінде Отырар ауданы, Шілік ауылдық округіне қарасты Жаңа Шілік елді мекенінде 1 өрт сөндіру бекеті ашылуда.

Сондай-ақ, бағдарламаның жүзеге асуын жеделдету мақсатында жоспардан тыс 8 елді мекенде (Сайрам ауданы Құтарыс және Қарамұрт ауылдары, Созақ ауданы Бақырлы және Жуантөбе ауылдары, Сауран ауданы Ибата ауылы және Ордабасы ауданы Бөген ауылы, Кентау қаласы Ащысай ауылы) өрт сөндіру пункті ашылды.

Алдағы уақытта тағы бір өрт сөндіру пунктін Түлкібас ауданы, Жиенбай ауылынан ашу жоспарланған. Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 801 елді мекен бар, олардың 550-і — Мемлекеттік өртке қарсы қызметімен қорғалады.

2025 жылы МӨҚҚ бөлімшелері жоқ елді мекендерді қорғау үшін 36 өрт сөндіру пункті құрылған. Оның ішінде 8 пункт жыл бойы жұмыс істейді, 28-ы маусымдық. Бұл пункттер 290 мыңнан астам тұрғыны бар 142 ауылды өртке қарсы қорғайды. Облыс бойынша барлығы 95 елді мекен өртке қарсы қорғалмаған. Оның ішінде 2026 жылы жалпы саны 290 мыңнан астам тұрғыны бар 41 елді мекенді қорғау үшін 41 пункт ашу жоспарлануда. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде заңдылықты, тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарындағы қызметтік-еңбек тәртібінің жағдайы бойынша шолулар барлық қызметкерлердің назарына жеткізілуде. Жыл басынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша баспа беттеріне — 42, бұқаралық ақпарат құралдарына шығу — 20, дөңгелек үстелдер — 26, «Аманат» партиясымен бірге 17 іс-шара өткізілді.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен тұрғын үй төлемдеріне 1 311 қызметкердің өтінімі тіркелген. 9 рет тұрғын үй комиссия отырысы өткізіліп, 1 268 қызметкер мұқтаж деп танылды. 43 қызметкер мұқтаж деп танудан бас тартылып, қолданыстағы нормаларға сәкес түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті республикалық мемлекеттік мекемесіне ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультетіне 109 үміткер өтініш білдірді.

Үміткерлердің жеке істері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне арнайы тексерістен өткізілген. Үміткерлерді барлық іріктеу кезеңдерінен сынақтар қабылдап, 16 үміткердің жеке ісі оқу орнына жолданған. Академияның конкурсттық іріктеу нәтижесінде облысымыздан 11 үміткер оқуға қабылданған.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: Жылыту маусымының жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Келесі жаңалық

Түркістан облысында тағы бір ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі