Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Мәслихат

Басты ұстаным — халық үшін!

11 марта, 2026
in Мәслихат
0
Басты ұстаным — халық үшін!
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады
Қазір қоғамда Жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Менің ойымша бұл өзгеріс елімізді жан-жақты дамыту жұмыстарын түбегейлі күшейтуге бағытталған. Ұсынылып отырған өзгерістер әсіресе мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік жауапкершілікті нақтылап, адамның қадір-қасиеті мен өмір сапасын негізгі құндылық ретінде бекітеді.

Біріншіден, Конституцияда әлеуметтік мемлекеттің рөлі айқындалып, мемлекет әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға міндетті екені нақты көрсетілген. Бұл реформа әлеуметтік қолдау енді тек қосымша шара емес, мемлекеттің тікелей конституциялық міндеті екенін білдіреді. Мұндай ұстаным әлеуметтік теңсіздікті азайтуға және қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға негіз бола алады.
Екіншіден, денсаулық сақтау саласына қатысты өзгерістер ерекше маңызға ие. Жаңа Конституция жобасы азаматтардың сапалы және қолжетімді медициналық көмек алу құқығын күшейтеді. Бұл әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуына, ауылдық жерлердегі медицина инфрақұрылымын жақсартуға құқықтық негіз қалыптастырады. Ана мен баланы қорғау, алдын алу медицинасы, халық денсаулығын сақтау мәселелерінің Конституциялық деңгейде бекітілуі – болашақ ұрпақтың денсаулығына жасалған инвестиция деп ойлаймын.

Үшіншіден, білім беру саласы әлеуметтік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде айқындалады. Мемлекеттің сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету міндеті күшейтіліп, білім беру жүйесінің тұрақты дамуына кепілдік беріледі. Бұл норма ауыл және қалалық білім сапасындағы алшақтықты азайтуға, жастардың әлеуетін толық іске асыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім берудің әлеуметтік баспалдақ ретіндегі рөлі күшейтіледі.
Төртіншіден, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер ерекше маңызға ие. Зейнетақы, жәрдемақы, мүгедектігі бар азаматтарды қолдау, көпбалалы отбасыларды әлеуметтік тұрғыда қорғау мәселелері жүйелі түрде қарастырылған. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін Конституцияда нақтылау – халықтың әлеуметтік осал топтарына ұзақ мерзімді әрі тұрақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Бесіншіден, еңбек адамының құқықтарын қорғау мәселесі жаңа деңгейге көтеріледі. Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әділ жалақы алу, әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізу – Конституциялық құндылықтар ретінде бекітіледі. Бұл еңбек қатынастарындағы әділеттілікті арттырып, қарапайым жұмысшының мүддесін қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Демек, Жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік салаға қатысты өзгерістер – халықтың нақты қажеттіліктеріне жауап беретін, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтатын және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыратын жүйелі реформалар деуге негіз бар.

Жамшидбек Туламетов,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Алдыңғы жаңалық

«Батамен ел көгерер» республикалық батагөйлер байқауы өтті

Келесі жаңалық

Ел болашағын айқындайтын маңызды таңдау!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі