Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АУДАНДАРДА АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН: АУДАНДАРДА АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
35
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында суғару маусымы жоспарға сай мерзімінде басталды. Бұл салаға қатысты проблемаларды облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Шардара, Мақтаарал, Жетісай өңірлерінің жауаптыларымен бірге талқылады.
Мәжіліске ауыл әкімдері, су мұраптары, су шаруашылығының жергілікті өкілдері қатысты. Аудан әкімдерінің орынбасарлары “Суды үнемдеу қалай жүзеге асады?”, “Су берешегі толық қашан өтеледі?” деген сұрақтар төңірегінде баяндама жасады.
Шардара ауданында ағын суды аз талап ететін дақылдар егу тапсырмасы бойынша күрішті өткен жылдан 3,4 мың гектарға ( 2025 жылы 5,9 мың га егілген) қысқартып, жүгері дақылын 6,5 мың гектарға (2025 жылы 4,1 мың га егілген) көбейту көзделген. Қазіргі таңда күріштің егіс көлемін қысқарту үшін ауылдық округтерге жоспар белгіленген. Шаруаларға тиімділігі түсіндірілуде.
Жетісай ауданында 8 мың гектарға су үнемдеу технологиясын ендіру жоспарланған. Жыл басынан бері 163 шаруа қожалық басшыларымен 4983,2 гектарға тамшылатып суару технологиясын ендіруге келісім-шарт жасалды. Мақтаарал ауданында суды үнемдеуге көшірілетін 8 мың гектардың нақты 3408,4 гектарына келісім-шарт түзілген.
 Нұрбол Әбдісаттарұлы ағын су өтемінің қалыптасқан қарызына тоқталды.
– Бір шаруаның қарызы өзге диқандарға зиянын тигізбеуі үшін қаржыны өндіруге жіті көңіл бөліңіздер. Су шаруашылығымен түзілетін электронды келісім-шарт мәселесін де соңына жеткізу керек. Су босату кезектілігін түзу барысында дақыл ерекшеліктері назарға алынсын. Шаруа бейнетіне – құрметпен, өз міндеттеріңізге жауапкершілікпен қараңыздар, – дей келе облыс әкімінің орынбасары бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар вегетациялық кезеңге қатысты шағымдар шұғыл зерделенуі тиіс екенін ескертіп, заң аясында жедел шаралар қабылдануын қамтамасыз ету міндетін жүктеді.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ МЕН ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 170 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА САЛЫНАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі