Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 170 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА САЛЫНАДЫ

3 апреля, 2026
in Денсаулық, Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 170 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА САЛЫНАДЫ
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылғалы отыр. Нақтырақ айтқанда, Атакент кентінің аумағында 170 орындық жаңа аудандық аурухана ғимаратының құрылысы жоспарлануда.
Жаңа медициналық нысан аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттырып, заманауи талаптарға сай кешенді ем-дом шараларын жүргізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Осы жоба аясында аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков нысанды жобалаушы мекеменің өкілдерімен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар құрылыс жұмыстарының алдағы кезеңдерін, жобаның техникалық ерекшеліктерін және іске асыру мерзімдерін кеңінен талқылады.
Жұмыс тобы аурухана салынатын жер теліміне барып, оның аумағын көзбен шолып шықты. Жергілікті жердің инфрақұрылымы, инженерлік желілерге қосылу мүмкіндіктері, көлік қатынасы және басқа да маңызды факторлар зерделенді. Бұл өз кезегінде құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне негіз болмақ.
Жаңа аудандық аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталады. Жоба іске асқан жағдайда Мақтаарал ауданындағы денсаулық сақтау жүйесінің әлеуеті айтарлықтай артып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді.
Аудан басшылығы бұл жобаны өңір үшін стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі ретінде қарастырып отыр. Құрылыс жұмыстары алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: АУДАНДАРДА АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

Қазығұрт ауданында сирек кездесетін Грейг қызғалдағы гүлдеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі