Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Шанақ ауылдық округінің аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін «Tulipa greigii» – Грейг қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлайды «Aqparatinfo.kz».
Грейг қызғалдағы жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің қатарында болғандықтан, оны жұлуға, таптауға немесе заңсыз жинауға қатаң тыйым салынған.

Грейг қызғалдағы – Орталық Азияға тән эндемик өсімдік. Биіктігі шамамен 10-15 сантиметр аралығында болады. Ол көбіне тау бөктерлері мен шөлейтті аймақтарда өседі. Бұл өсімдік алғаш рет XIX ғасырда зерттеліп, атауы белгілі ботаник Самюэль Грейгтің құрметіне берілген.


