Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Білім

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА 2500-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМГЕР ЖАС ЖИНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

13 апреля, 2026
in Білім, Қоғам, Әлеумет
0
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА 2500-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМГЕР ЖАС ЖИНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен Республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының салтанатты ашылу рәсімі, іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлады «Aqparatinfo.kz» сайты.

Ашық аспан астындағы ауқымды білім сайысына еліміздің барлық өңірлерінен Алматы қаласы, Қызылорда облысы, Шымкент қаласы, Алматы облысы Қарасай ауданы, Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан жиналған 500-ге жуық команда, 2500 білімгерлер қатысты.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен қала әкімі Жандос Тасов аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, мұндай ауқымды интеллектуалды алаңдардың жастардың жан-жақты дамуына, ел болашағының зияткер буынын қалыптастыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

Аталған сайыстың басты мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын арттыру арқылы білім деңгейін көтеру, сондай-ақ елімізде интеллектуалды ортаны қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі іріктеу кезеңінде 500-ге жуық команда арасынан үздіктер анықталып, марапатқа бөленді. Енді олар Түркістан қаласында өтетін 1/8 финалдық кезеңде бақ сынайды.

“AL-FARABI” интеллектуалды ойыны — білім мен бәсекені ұштастырған, жастардың ой-өрісін кеңейтіп, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін бірегей алаң.

Айта кету керек, бұл жобаның ауқымы бойынша рекордтық көрсеткішке ие болып, қатысушылар санының көптігіне байланысты халықаралық деңгейде, атап айтқанда, Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге ұсынылуда.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ӘЗІРЛЕНГЕН «ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі