Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

15 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Спорт
0
ТҮРКІСТАНДА ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде даңқты боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнирі басталды. Биылғы жарыстың ерекшелігі 90 жылдығына арналып отыр.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов және бапкердің жары Күлпаш апа қатысып, жарысқа жиналған спортшыларға сәттілік тіледі.
Халықаралық додаға Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Кувейт, Қырғызстан мемлекеттері мен Қазақстанның барлық өңірлерінен 150-ге жуық былғары қолғап шебері жиналды. Қатысушылар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, шаршы алаңда өзара мықтыны анықтайды. Турнирде түркістандық боксшылар да жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.
Айта кетейік, мұндай ауқымды халықаралық жарыстар өңірде бокстың дамуына серпін беріп қана қоймай, жастарды спортқа баулуда маңызды рөл атқарады. Дәстүрлі турнир 15-19 сәуір аралығында өтеді.
Алдыңғы жаңалық

Райымбек Баталов ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Келесі жаңалық

ОРДАБАСЫ: ЕЛШІБЕК БАТЫР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі